» » Найзағай, бұршақ және дауыл: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Найзағай, бұршақ және дауыл: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Синоптиктердің болжамы бойынша, елімізде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді. Сондай-ақ кей жерлерде бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Синоптиктер 4 маусымда батыс аймақтарда, 4-5 маусымда елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінде, 6 маусымда республиканың оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады деп болжайды. Ал Қазақстанның шығысы мен оңтүстігінде ғана ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтіледі.
Батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерде күндіз ауа температурасы +22...+30°C-қа дейін жылынады.
Солтүстік-шығыс пен шығыста +30...+37°C-қа дейінгі аптап ыстық сақталады.
Оңтүстік-шығыста аптап ыстықтың беті қайтып, ауа температурасы +25...+33°C шамасында болады.
Еске сала кетейік, «Қазгидромет» ұсынған болжамға сәйкес, маусым және тамыз айлары әдеттегіден ыстық болады. Қазақстан аумағында ауа температурасы климаттық нормадан 1-2 градусқа жоғары болуы мүмкін. Елдің оңтүстігінде кей күндері ауа температурасы +45 градусқа дейін көтеріледі.
03 маусым 2026 ж. 203 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 079
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 290

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031