Қазақстанда 34 градусқа дейін күн ысиды
Алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Синоптиктердің болжамына сәйкес, еліміздің көп өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнгі уақытта жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түсуі ықтимал.Республиканың оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл болуы ықтимал.
Күндізгі уақытта ел аумағында ауа температурасы біртіндеп көтеріледі: батыста +15…+20°C, солтүстік-батыста +17…+25°C, солтүстікте +21…+26°C, орталықта +21…+30°C, шығыста +19…+27°C, оңтүстікте +25…+34°C, ал оңтүстік-шығыста +22…+27°C шамасында болады.












