» » Қазақстанда қар жауып, -8 градусқа дейін аяз болады

Қазақстанда қар жауып, -8 градусқа дейін аяз болады

Синоптиктер 22, 23 және 24 сәуір күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатыны жөнінде болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандағы ауа райы болжамы
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты елдің көп бөлігінде ауа райы құбылмалы болады деп күтіледі: жаңбыр, найзағай, түнде солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр жауып, кейін қарға ұласатын жауын-шашын болжанып отыр.
"Тек Ақтөбе мен Қызылорда облыстарында антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл, түнгі және таңғы уақытта тұман күтіледі", – деді синоптиктер.
Ауа температурасы болжамы
Синоптиктердің болжамынша, түнгі уақытта үсік жүруі мүмкін:
22 және 24 сәуір – Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында -3°С дейін;
22 сәуір – Қарағанды облысында -1°С дейін;
22–23 сәуір – Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында -1°С-тан -8°С-қа дейін;
24 сәуір – Ақмола және Қостанай облыстарында -1…-3°С дейін суытады.
22 сәуір 2025 ж. 427 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 787
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 065

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930