Бүгін Қазақстанның кей аумағында бұршақ жауып, найзағай ойнайды

Синоптиктер 30 мамыр, яғни дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ҚР аумағының басым бөлігіне антициклон әсер етеді, осыған байланысты ҚР батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында фронталды бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, солтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда бұршақ жаууы ықтимал», - делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл болады, күндіз оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының Жалаңашкөл аудандарында желдің 17-22 м/с, екпіні 24-29 м/с күшеюі сақталады.
Таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, тау асуларында 15-25 м/с жел соғады.
Күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ болады, облыстың солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысында таңертең және күндіз солтүстік-батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл болады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде желдің 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күшейеді.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында найзағай ойнап, бұршақ жауып, түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі, батысында, солтүстік-шығысында жел 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.
Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстанның облысының Жарма ауданында, Қызылорда, Павлодар облыстарының орталығында, Павлодар облысының, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының орталығындас төтенше өрт қаупі сақталады.