Құрылтай
» » «Қазгидромет» алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады

«Қазгидромет» алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады

Kyzylorda-news.kz. “Қазгидромет” мамандары Қазақстан бойынша 2022 жылдың 23-25 шілдесіне арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер мәліметінше, еліміздің оңтүстігі және оңтүстік-шығысында аптап ыстық сақталады. 

Республика аумағының басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа райы сақталып, жаңбыр жауады. 25 шілдеде елдің солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауып, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Еліміздің оңтүстік-шығысында ғана кезең бойы жауын-шашынсыз ауа райы болмақ, солайша Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл болжанады. 
Күндізгі уақытта республиканың батыс жартысында ауа температурасы +27 +42°С-тан +23 +35°С-қа дейін төмендейді. Ал ауа температурасының аздап көтерілуі елдің солтүстік-батыс, орталық өңірлерінде күтіледі: мұнда термометрлер + 25 +38°С белгісіне жетеді.
Республиканың солтүстігінде, шығысында болса температуралық фон +22 +30°С-қа, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында +34 + 46°С дейін өте қатты ыстық сақталады.
23 шілде 2022 ж. 656 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

№55 (10523)

25 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 583
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 045

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31