» » Алдағы үш күнде өңірлерде жаңбыр, найзағай,шаңды дауыл күтіледі

Алдағы үш күнде өңірлерде жаңбыр, найзағай,шаңды дауыл күтіледі

Қазгидромет синоптиктері Қазақстанда 6, 7 және 8 мамырда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алдағы күндері Қазақстанның ауа райын оңтүстік циклон анықтайды. 6-8 мамырда республиканың батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде, ал 8 мамырдан бастап орталық, шығыс және оңтүстік облыстарда жаңбыр жауып, найзағай ойнап, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.
6-7 мамырда Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында, 7 мамырда Маңғыстау облысында, 7-8 мамырда Ақтөбе облысында қатты жауын-шашын күтіледі. Синоптиктердің болжамынша, тек Қарағанды облысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Еліміздің оңтүстік-батысында, сондай-ақ 8 мамырда оңтүстік-шығыста шаңды дауыл соғады.
6 мамырда түнде және таңертең Павлодар, Абай облыстарында, сондай-ақ 6-7 мамырда Шығыс Қазақстан облысында үсік жүруі мүмкін.
Ауа температурасы күндіз құбылмалы болады. Батыста 23-30-дан 21-26 градусқа дейін төмендеуі күтіледі. Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында ауа температурасы 20-25 градустан 24-29 градусқа дейін көтеріледі. Республиканың орталығында ауа 27-35 градусқа дейін жылыса, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 38 градусқа дейін ыстық болады деп күтіледі.
05 мамыр 2025 ж. 409 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 882
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 136

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930