» » Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" синоптиктері 24, 25 және 26 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанға циклон жақындап келеді

Алдағы үш күнде Қазақстан аумағы арқылы белсенді циклон өтеді, соған байланысты жаңбыр мен найзағай күтіледі, республиканың батысында, солтүстігінде және орталығында қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл болады.
Елдің шығысында және оңтүстік-шығысында негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, оңтүстікте құмды дауыл болуы мүмкін.
Синоптиктер 24–26 шілде аралығында Қазақстанның бірнеше өңірінде қатты ыстық болады деп ескертеді.
24 шілде:
  • Батыс, оңтүстік-батыс және солтүстік-батыста +35…+38 градусқа дейін ыстық;
  • Орталықта – +38 градусқа дейін;
  • Оңтүстікте – +40…+42 градус;
  • Оңтүстік-шығыста – +35…+39 градус.
25 шілде:
  • Алматы облысының батысы мен солтүстігінде аптап ыстық – +42 градусқа дейін;
  • Орталық пен шығыста – +35…+38 градус;
  • Оңтүстікте – +42 градусқа дейін;
  • Оңтүстік-шығыста – +35…+39 градус.
26 шілде:
  • Алматы облысының батысы мен солтүстігінде +42 градусқа дейінгі ыстық сақталады;
  • Шығыс және оңтүстік-шығыста – +39 градусқа дейін;
  • Солтүстік өңірлерде – +35 градусқа дейін.
24 шілде 2025 ж. 243 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930