» » Синоптиктер Қазақстанда аптап және жаңбыр болатынын ескертті

Синоптиктер Қазақстанда аптап және жаңбыр болатынын ескертті

Синоптиктер Қазгидрометтің 22, 23 және 24 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңбыр және тұман

Атмосфералық фронтал бөліктердің өтуіне байланысты елдің батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі, ал 22 және 24 шілдеде Қазақстанның батысында – күшті жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл болады, қалған аймақтарда жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады.
Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте және оңтүстік-батыста құмды дауыл болады. Түнгі және таңғы уақытта елдің солтүстігі мен шығысында тұман болжанады.

Ауа температурасы қандай болады?


22-23 шілдеде Ақтөбе облысының оңтүстігінде күндіз өте қатты ыстық болады – 40 градусқа дейін, Алматы облысының батысы, солтүстігі және орталығында – 42 градусқа дейін.
Батыс өңірлерде күндізгі ыстық 35-39 градусқа, Қазақстанның оңтүстік-батысында 38-42 градусқа дейін жетеді. 24 шілдеде Қостанай облысының оңтүстігінде 35 градус, орталық өңірлерде 35-38 градус, республиканың оңтүстігінде 40-42 градус, оңтүстік-шығысында 35-39 градусқа дейін ыстық болады.
21 шілде 2025 ж. 182 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 074
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 286

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031