» » «БАЛА КҮЛКІСІ – БЕЙБІТ ӨМІРДІҢ БЕЛГІСІ»

«БАЛА КҮЛКІСІ – БЕЙБІТ ӨМІРДІҢ БЕЛГІСІ»


«Руханият» орталығында аудан әкімінің тапсырмасымен Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бала күлкісі – бейбіт өмірдің белгісі» атты мерекелік іс-шара өтті.

Балаларға қуаныш сыйлау мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев сөз сөйлеп, бүлдіршіндерді мерекемен құттықтады.

– Сіздерге бақытты балалық шақ, зор денсаулық, білім мен өнер жолында толағай табыстар тілеймін. Әрдайым жүздеріңізден күлкі кетпесін, – деді.

Мереке аясында білім, өнер және спорт салаларында, жарыстар мен байқауларда жүлделі орындарға ие болған бірқатар үздік оқушылар аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Мерекелік бағдарлама аясында аудан өнерпаздары ән мен биден шашу шашып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

03 маусым 2026 ж. 180 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 300
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 450

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30