» » ШАТТЫҚ СЫЙЛАҒАН МЕРЕКЕ

ШАТТЫҚ СЫЙЛАҒАН МЕРЕКЕ

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ауданымызда «Бала күлкісі – бейбіт өмірдің белгісі» атты мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлады.
Салтанатты шарада аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы сөз сөйлеп, бүлдіршіндер мен ата-аналарды мерекемен құттықтап, жас ұрпаққа ізгі тілегін жеткізді.
– Бала – баршамыздың бақытымыз, болашағымыз. Бүгінгі гүлдей жайнаған бүлдіршіндеріміз – ертеңгі қасиетті даламызды нұрға бөлейтін еліміздің тірегі, ата-бабамыздан қалған жеріміздің иесі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Өскелең ұрпақтың дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз» деп атап өткен болатын. Жалпы аудан бойынша 45 мектепке дейінгі ұйымда 4000-ға жуық бала тәрбиеленуде. Бүгінде бөбекжай-бақшада 3-6 жас аралығындағы балалардың 100 пайызы қамтылып отыр. Бүгінгі мерекеде бүлдіршіндерді бір-біріне бауыр, дос етіп тәрбиелеуге өзінің білімі мен тәжірибесін аямай, адал еңбек етіп жүрген барша тәрбиешілерге алғысымды білдіргім келеді. Жаңа қоғамның жаңа адамын тәрбиелеу, олардың бойына ұлттық рухымызды сіңіру, ана тілімізді ардақтап, салтдәстүрімізді сақтайтын ұрпақ қалыптастыру жолындағы қызметтеріңіз жемісті болсын! Балалар – болашақтың тірегі, олар бар жерде берекеміз тасып, абыройымыз асқақтай береді. Сондықтан жас өрендер мен балдырғандар бүгінгі мерейлі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, болашақтарыңыз жарқын, аспандарыңыз ашық болуын тілеймін! – деді аудан әкімі.
Концерттік бағдарлама балабақша тәрбиеленушілерінің өнерлерімен жалғасты. Балабақша бүлдіршіндері балалық шақтың бояуы қанық әлемін сахнада бейнелеп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Сондайақ аудандық өнер мектебінің талантты шәкірттері өнер көрсетті.
Мерекелік іс-шара балалардың құқықтарын қорғау, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және бақытты балалық шақтың қадірін дәріптеуге арналды. Орталық алаңда суретке түсуге арналған әдемі орындар, балақайлардың бормен салған суреттері мерекенің сәнін келтірді. Ал бүлдіршіндердің шат күлкісі мен сахнадағы жарқын өнері бейбіт өмірдің, жарқын болашақтың айқын көрінісіне айналды.
Балалар – еліміздің ертеңі, халқымыздың үміті мен болашағы. Сондықтан әрбір бүлдіршіннің бақытты балалық шағы, сапалы білім мен тәрбие алуы – баршамыздың ортақ міндетіміз. Бала күлкісі ешқашан толастамай, елімізде әрдайым бейбітшілік пен береке салтанат құрсын!
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
02 маусым 2026 ж. 92 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

№39 (10507)

26 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 223
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 777

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930