» » ШАТТЫҚ ПЕН ҚУАНЫШҚА ТОЛЫ ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ КЕШ

ШАТТЫҚ ПЕН ҚУАНЫШҚА ТОЛЫ ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ КЕШ


Аудан әкімінің ұйымдастыруымен білім саласында үздік нәтиже көрсеткен оқушыларға арналған Жаңа жылдық шыршасы өтті.

Мерекелік кешке аудан әкімі қатысып, балаларды Мемлекет басшысы мен облыс әкімінің атынан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Аудан басшысы өз сөзінде балақайлардың ел болашағы екенін атап өтіп, олардың білімді, зерек, өнерлі болып өсуіне әрдайым қолдау көрсетілетінін жеткізді.

– «Қашанда адамзат үшін бала бақыты бәрінен қымбат саналған. Осыған орай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің саналы жас ұрпағына жағдай жасау мақсатында ауқымды жобаларды жүзеге асырып келеді. Мен өздеріңе осы мерекеде бақытты балалық шақ тілеймін. Алдағы жыл әр шаңыраққа шаттық пен береке әкелсін. Әрбір баланың болашағы жарқын, жолы ашық болғай», – деді аудан әкімі.

Биылғы жылы облыс әкімінің қолдауымен 216,9 млн. теңгеге білім саласында 3 орта мектеп, 1 бөбекжай-бақшада және
5 мектеп жанындағы спорт алаңдарында ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталып, нысан пайдалануға берілді. Бұл ел келешегі балаларымыз үшін жасалған үлкен қамқорлық, айрықша қолдау.

Салтанатты шара Аяз ата мен Ақшақардың келуімен жалғасып, бүлдіршіндер ән айтып, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Ертегі кейіпкерлерінің қызықты қойылымдары балаларға ерекше көңіл-күй сыйлады.

Сондай-ақ шарада аудан әкімінің атынан барлық балақайларға Жаңа жылдық сыйлықтар табысталып, мереке ерекше көңіл-күймен қорытындыланды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

27 желтоқсан 2025 ж. 298 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 073

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930