» » БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР МЕРЕКЕСІ

БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР МЕРЕКЕСІ

Бала – өмірдің жалғасы, елдің болашағы. Әрбір баланың тәтті қылығы, тыныш ұйқысы, алаңсыз күлкісі маңызды. Баланы күнәсіз періштеге балаған халқымыз оған түрлі сыйлық жасап, ерекше көңіл бөліп, бүлдіршіндерге қуаныш сыйлауға асығады. Дана қазақ «Жерде бала қуанса, көктегі мың періште шаттанады» дейді.
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінде ауданда ерекше іс-шара өткізіліп, бүлдіршіндерді шаттыққа бөледі. Орталық алаңда сән-салтанат құрылып, балалар көңілін көтерер мол мүмкіндік жасалды. Аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұлов бүлдіршіндерді мерейлі мерекесімен құттықтап, лебізін білдірді.
– Бала – біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Бүгінгі таңда елімізде балалардың алаңсыз білім алуына, бақытты балалық кезеңдерін өткізуге барлық жағдай жасалып келеді. Балаға тәрбие беретін ең алдымен оның атаанасы болса, екінші, тәрбиемен қоса білім беретін балабақша, мектеп және оның өскен ортасы. Бүгінгі бала елдің ертеңі, ұлттық жалғасы. Қай мемлекет болсын, бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлетіні сөзсіз. Бар жақсылығын балаларына көрсетіп, олардың жан-жақты тәрбиелі, саналы болып ержетуіне қамқорлығын аямайтын мемлекеттің болашағы да жарқын. Ауданымызда жыл сайын балалардың жан-жақты дамуына бағытталған жұмыстар жүйелі жүргізіліп келеді. Кенттер мен әр ауылдарда балалар ойын алаңы салынып, олардың еркін өсуіне мүмкіндік жасалуда. Мұндай жұмыстар алдағы уақытта да атқарылатын болады. Кішкентай да болса, үлкеннің назарын өзіне аударған балғындарымыздың риясыз күлкісіне бөлене берейік. Балаларымыздың болашағы жарқын, аспаны ашық болсын, – деді ол.
Мерекелік іс-шарада мектеп оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілері өнер көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ән мен биден құралған көріністер көпшіліктің ықыласына бөленді.
Жалпы, Қазақстандағы Балаларды қорғау күні – балалық шақ әрбір баланың өміріндегі ең маңызды және ұмытылмас кезең екенін, оны қорғауға, бақытты етуге бар күшімізді салу керектігін еске салатын жарқын да көңілді мереке.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
03 маусым 2025 ж. 113 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (10409)

03 маусым 2025 ж.

№40 (10408)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (10407)

27 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 873
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30