» » ҚАРМАҚШЫДА БАЛАЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ОРКЕСТРЛЕРІ МЕН АНСАМБЛДЕРІНІҢ ШЕРУІ ӨТТІ

ҚАРМАҚШЫДА БАЛАЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ОРКЕСТРЛЕРІ МЕН АНСАМБЛДЕРІНІҢ ШЕРУІ ӨТТІ


Бүгін Жосалы кентінің Орталық алаңында 1-маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні меркесіне орай балалар мен жасөспірімдердің музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі өтті.
Мерекелік шарада сөз алған аудан әкімі Мақашов Сұлтан Ысқақұлы ыстық лебізін жеткізіп, балаларды мерекемен құттықтады.
–Бүгінгі бала елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Қай мемлекет болсын, бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлетіні сөзсіз. Өйткені, өскелең ұрпақ елдің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтары. Бар жақсылығын баларына көрсетіп, олардың жан-жақты тәрбиелі саналы болып ержетуіне қамқорлығын аямайтын мемлекеттің болашағы да жарқын- деп атап өтті аудан басшысы.
Шеруге ерте келген көпшілік балалардың шығармашылық ұжымдарының өнерін тамашалады.
Кент орталығындағы әуез мектебі, аудандық оқушылар үйі, №26, №27, №30, №105, №121, №183, №250 мектеп-лицей ұжымдарының қызметкерлері мен оқушылары шеруде жүріп өтіп, алаңда ерекше флешмобпен аяқтады.
Жасөспірімдердің орындаушылық шеберліктерін қолдау және дамыту мақсатындағы балалар мен жастардың музыкалық ансамбльдер шеруі жыл сайын дәстүрлі өткізілуде.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылған бүгінгі мереке барлық балалар мен жиналған жұртшылыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
01 маусым 2019 ж. 1 446 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 381
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 171

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930