» » Құрметті жерлестер! Қымбатты бүлдіршіндер!

Құрметті жерлестер! Қымбатты бүлдіршіндер!

Баршаңызды келе жатқан жайдарлы жаздың алғашқы күні 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бала – баршамыздың бақытымыз, болашағымыз. Бүгінгі гүлдей жайнаған бүлдіршіндеріміз – ертеңгі қасиетті даламызды нұрға бөлейтін еліміздің тірегі, атабабамыздан қалған жеріміздің иесі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Өскелең ұрпақтың дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпы ұлттық міндетіміз» деп атап өткен болатын.
Жалпы аудан бойынша 45 мектепке дейінгі ұйымда 4000-ға жуық бала тәрбиеленуде. Бүгінгі күні бөбекжайбақшада 3-6 жас аралығындағы балалардың 100 пайызы қамтылып отыр.
Сондай-ақ елімізде жастардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалып келеді. Балаға тәрбие беретін ең алдымен оның ата-анасы болса, екінші тәрбиемен қоса білім беретін балабақша, мектеп және оның өскен ортасы. Осы мақсатта Президентіміз, Үкімет басшысы және облыс әкімінің қолдауымен ауданымызда бірқатар жұмыс жүзеге асуда.
Бүгінгі мерекеде бүлдіршіндерді бір-біріне бауыр, дос етіп тәрбиелеуге өзінің білімі мен тәжірибесін аямай, адал еңбек етіп жүрген барша тәрбиешілерге алғысымды білдіргім келеді. Жаңа қоғамның жаңа адамын тәрбиелеу, олардың бойына ұлттық рухымызды сіңіру, ана тілімізді ардақтап, салт-дәстүрімізді сақтайтын ұрпақ қалыптастыру жолындағы қызметтеріңіз жемісті болсын!
Құрметті жас өрен мен балдырғандар мерейлі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, болашақтарыңыз жарқын, аспандарыңыз ашық болсын деп тілеймін.
Құрметпен, аудан әкімі Жандос ЕРКІНБЕК
01 маусым 2026 ж. 129 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 789
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 075

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930