» » ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР! ҚЫМБАТТЫ БАЛАЛАР!

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР! ҚЫМБАТТЫ БАЛАЛАР!


Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бала – ұлттың жалғасы, елдің ертеңі. Оның жан-жақты дамуы мен тәрбиесі – кез келген мемлекеттің басты құндылығы.

Ата-ана үшін баладан қымбат байлық жоқ. Ұрпақ тәрбиелеу – өмірдің ең басты мұраты.

Мемлекет басшысы: «Жас ұрпаққа сапалы білім мен тағылымды тәрбие беру, олардың бойына асыл қасиеттерді дарыту – баршамыздың ортақ міндетіміз. Мемлекет балалардың дамуы үшін барлық жағдайды жасайды», – деп атап өткен еді.

Президентіміздің салиқалы саясаты мен аймақ басшысының ерекше қолдауымен ауданымызда білім беру, мәдениет және спорт саласында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мектептер мен балабақшалар жаңартылып, балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталған әлеуметтік жобалар жүзеге асуда.

Қазіргі таңда балалардың құқықтарын қорғап, сапалы білім беруге, қауіпсіз орта қалыптастыруға, денсаулықтарын сақтауға барынша жағдай жасалуда. Бұл – ата-аналар, ұстаздар және қоғамның ортақ күш-жігерінің жемісі.

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!

Өскелең ұрпаққа көрсетіп отырған қамқорлықтарыңыз бен еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін.
Бүгінгі балалардың ертеңгі күні биік белестерді бағындыруы – сіздердің тәлімдеріңіздің арқасы.
Еліміз тыныш, ұрпағымыз аман болсын! Балалар күні құтты болсын!

01 маусым 2025 ж. 148 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 625
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 400

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031