» » ЖАРҚЫН ЖЕТІСТІК ЖАҢА ЖЫЛМЕН ЖАЛҒАСТЫ

ЖАРҚЫН ЖЕТІСТІК ЖАҢА ЖЫЛМЕН ЖАЛҒАСТЫ

Жуырда білім саласында үздік нәтиже көрсеткен дарынды оқушыларға арналған дәстүрлі жаңа жылдық шырша мерекесі өтті. Салтанатты кеш жас өрендерге көтеріңкі көңілкүй сыйлап, жыл бойғы еңбектерінің лайықты бағаланғанын айқын көрсетті.
Мерекелік шараға аудан әкімі арнайы қатысып, балаларды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен облыс әкімінің атынан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Құттықтау сөзінде аудан басшысы бала ел болашағы, тәуелсіз Қазақстанның тірегі екенін атап өтіп, олардың білімді, зерек, өнерлі болып өсуіне әрдайым жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.
– Қашанда адамзат үшін бала бақыты бәрінен қымбат. Осы орайда Мемлекет басшысы еліміздің саналы, білімді жас ұрпақты қалыптастыруға бағытталған ауқымды бастамаларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Бүгінгі мерекеде сіздерге бақытты балалық шақ, жарқын болашақ тілеймін. Алдағы жаңа жыл әр шаңыраққа шаттық пен береке, табыс пен толағай жетістіктер әкелсін. Әрбір баланың жолы ашық, арманы асқақ болғай, – деді аудан әкімі.
Шара барысында білім саласын дамытуға бағытталған нақты жұмыстар да атап өтілді. Атап айтқанда, биылғы жылы облыс әкімінің қолдауымен 216,9 млн теңге қаржы бөлініп, білім беру саласында 3 орта мектеп, 1 бөбекжай-бақша және 5 мектеп жанындағы спорт алаңдарында ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталып, нысандар пайдалануға берілді. Бұл жас ұрпақтың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына жасалған үлкен қамқорлықтың белгісі.
Салтанатты кештің сәнін кіргізген Аяз ата мен Ақшақардың келуі балалардың қуанышын еселей түсті. Бүлдіршіндер ән шырқап, би билеп, өз өнерлерін ортаға салып, мерекелік кештің мазмұнын байытты. Ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен қойылған қызықты қойылымдар балақайларға ерекше әсер сыйлап, шат күлкіге бөледі.
Сонымен қатар шара соңында аудан әкімінің атынан барлық балаға арнайы дайындалған жаңа жылдық сыйлықтар табыс етіліп, мереке жоғары көңіл күймен қорытындыланды. Бұл жарқын кеш балалардың жүрегінде ұмытылмас әсер қалдырып, жаңа жылға деген сенім мен үмітті нығайтты.
Ақнұр ЕРДҮЙСЕНҚЫЗЫ

02 қаңтар 2026 ж. 219 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 781
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 137

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 492

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930