» » ТӘРБИЕ МЕН ТӘЖІРИБЕ ҮНДЕСТІГІ

ТӘРБИЕ МЕН ТӘЖІРИБЕ ҮНДЕСТІГІ

Жақында №5 «Айгөлек» бөбекжай-бақшасында «Мектепке дейінгі ұйымдағы қауіпсіз орта мен еңбек әрекеті» тақырыбында аудандық семинар ұйымдастырылды. Тағылымы мол іс-шараға аудан көлеміндегі мектепке дейінгі ұйым педагогтері қатысып, өзара тәжірибе алмасып, заманауи тәрбие мен оқыту бағытындағы үздік жұмыстармен танысты.
Семинардың негізгі мақсаты – мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиеленушілерді ерте жастан еңбекке баулу, түрлі мамандықпен таныстыру, үлкендердің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу және қалдық заттарды тиімді пайдалану арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болды. Сонымен қатар, қауіпсіз орта қалыптастыру, баланың ойын арқылы танымдық қабілетін арттыру, еңбек әрекетіне қызығушылығын ояту мәселелері де кеңінен қамтылды.
Ауқымды іс-шараны аудандық білім бөлімінің әдіскері Зулайхо Елфутина ашып, семинардың маңыздылығына тоқталып, балабақша педагогтеріне шығармашылық табыс пен сәттілік тіледі. Ол өз сөзінде мектепке дейінгі тәрбие болашақ ұрпақтың негізі екенін, ал еңбекке баулу мен қауіпсіз орта қалыптастыру бүгінгі қоғамның басты талаптарының бірі екенін атап өтті.
Семинардың ашылу салтанаты ерекше көңіл-күймен басталды. «Тәттілер» биін балабақшаның хореографы Жадыра Алпысбаева сахналап, бүлдіршіндер көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар «Жұлдыз» тобының тәрбиеленушісі Марғұлан Рақымжан өнер көрсетіп, қонақтарға өз құрметін білдірді. Семинар барысында бөбекжай-бақша педагогтері жеті бағыт бойынша ұйымдастырылған ойын алаңдары, серуен және топ ішіндегі ойын әрекеттерін көрсетті. Әр бағытта балалардың жас ерекшеліктеріне сай ұйымдастырылған іс-әрекеттер педагогтердің кәсіби шеберлігін айқындады.
Тәрбиеші Бақыт Сармолдина ұйымдастырған «Айгөлек» дүкені ойын алаңында балалар сауда мәдениетімен танысып, сатушы мен сатып алушы рөлдерін сомдау арқылы қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытты. Бұл алаң бүлдіршіндердің тіл байлығын арттырып, есептеу қабілеттерін жетілдіруге мүмкіндік берді. Ал «Шебер аспаз» асханасында тәрбиеші Жанат Қызылбаева балаларға аспаздық мамандықтың қыр-сырын таныстырып, тағам әзірлеу мәдениеті мен тазалық сақтау дағдыларын ойын арқылы үйретті. Балалардың еңбекке қызығушылығы артып, өздігінен әрекет ету қабілеттері байқалды. Тәрбиеші Тұрсынай Жұбанышова өткізген «Арман қалашығын бірге салайық» алаңында балалар құрылысшы мамандығымен танысып, түрлі құрылыс материалдарын пайдалана отырып, шағын қалашық құрастырды. Логопед Гүлдана Көпжасарова ұйымдастырған «Табиғат бояулары» бөлімінде табиғи материалдарды пайдалану арқылы балалардың шығармашылық қабілеттері шыңдалды. Дене тәрбиесінің маманы Нұртілеу Шаймаханов өткізген «Дала шеберханасы» алаңында балалар қимылды ойындар арқылы ептілікке, шапшаңдыққа және қауіпсіз әрекет жасауға машықтанды.
Сонымен қатар кіші «Балбөбек» тобының тәрбиешісі Мейрамкүл Жубайдаева «Менің отбасым» ойын әрекетін ұйымдастырып, балалардың отбасы құндылықтары туралы түсініктерін кеңейтті. Ал мектепалды «Жұлдыз» тобының тәрбиешісі Назерке Серікқызы өткізген «Пішіндер мен сандар» ойынында балалардың математикалық және логикалық ойлау қабілеттері дамытылды.
Семинар аясында әдіскер Мирамкүл Ермекбаева ұйымдастырған «Кел, сұхбаттасайық!» подкасты ерекше қызығушылық тудырды. Подкаст барысында мектепке дейінгі тәрбие беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, педагогтердің пікірлері ортаға салынды.
Ортаңғы «Ботақан» тобының тәрбиешісі Әлия Досмұратова өткізген «Ғажайып шытырман» серуен ойын әрекеті балалардың қоршаған ортаны тануына бағытталса, ересек «Шағала» тобының тәрбиешісі Алтынай Құндыбек ұйымдастырған «Көңілді алаңқай» серуенінде балалар еркін ойнап, табиғат аясында белсенді әрекеттер жасады. Сондай-ақ ересек «Шағала» тобының тәрбиешісі Алтынай Әлімшеева өткізген «Эко зертхана» жұмысы көпшіліктің ерекше қызығушылығын тудырды. Серуен кезіндегі экологиялық зерттеу жұмыстары арқылы балалар табиғатты қорғау, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау туралы мағлұмат алды. Семинар барысында тәрбиешілердің қатысуымен қойылған «Жәндіктердің достығы» атты сахналық қойылым көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Қойылым арқылы достық, бірлік және табиғатқа қамқорлық идеялары насихатталды.
Іс-шара аясында №5 «Айгөлек» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Балхия Егембердіқызы «Балабақшадағы театр әлемі» жобасы бойынша презентациялық баяндама жасап, мекеменің жетістіктері мен атқарылған жұмыстарын таныстырды. Жоба аясында балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған жұмыстар кеңінен көрсетілді. Семинарға қатысушылар бүлдіршіндердің ойын әрекеттерін, өнерлерін тамашалап, тәжірибелік алаңдарда өзара пікір алмасты. Педагогтер ұйымдастырылған жұмыстардың мазмұндылығы мен тәрбиелік маңызына жоғары баға берді. Іс-шара соңында қатысушылар тәрбиенің іргетасы балабақшадан басталатынын, ал баланы ерте жастан еңбекке баулу ұрпақ болашағы үшін аса маңызды екенін атап өтті. Семинардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтып, №5 «Айгөлек» бөбекжай-бақшасының ұжымына ризашылықтарын білдірді.
Қорытынды бөлімде педагогтерге аудандық білім бөлімінің Алғыс хаты мен сертификаттары табысталды. Аталған семинар мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбие мен оқытудың жаңа бағыттарын насихаттап қана қоймай, педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына, өзара ынтымақтастығын нығайтуға да үлкен мүмкіндік берді.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
31 мамыр 2026 ж. 82 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

№39 (10507)

26 мамыр 2026 ж.

№38 (10506)

23 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 211
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 769

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930