» » Қыркүйектен бастап 95 мыңнан астам тәрбиешінің жалақысы өсті

Қыркүйектен бастап 95 мыңнан астам тәрбиешінің жалақысы өсті

Биыл 1 қыркүйектен бастап 95 мыңнан астам балабақша тәрбиешісінің жалақысы өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаментінің Еңбекақы төлеу әдіснамасы басқармасының басшысы Гүлайым Тоқпанова балабақшаларда қанша тәрбиешінің жалақысы өскені жөнінде айтып берді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтерінің жалақысы 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап 30%-ға өсті. Тоқпанованың айтуынша, бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен 28 млрд теңге қарастырылған.

Бұл жалақының өсуі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың 95 мыңнан астам педагогіне, оның ішінде мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 58 мыңнан астам педагогіне және мемлекеттік білім беру тапсырысын алатын жекеменшік балабақшаның 37 мың педагогіне қолданылады, - деді ол.

Балабақша педагогтеріне мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың меңгерушісі, әдіскері, тәрбиешісі, қазақ тілі педагогі, дене шынықтыру бойынша нұсқаушысы, музыка жетекшісі, мектепке дейінгі даярлық тобының педагогі және министрлік бекіткен педагог лауазымдарының тізбесіне сәйкес мектепке дейінгі білім беру педагогтерінің басқа да лауазымдары жатады.

Сонымен қатар балабақша педагогтеріне мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламаларын іске асыратын орта білім беру ұйымдарының мектепалды даярлық сыныбының педагогтері де жатқызылған.

2020-2023 жылдар аралығында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтерінің жалақысы қалған педагогтермен тең дәрежеде екі есеге өскенін еске сала кетейік.


22 қыркүйек 2023 ж. 651 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 613
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 389

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031