» » Түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, әдістемелік қолдау көрсетілді

Түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, әдістемелік қолдау көрсетілді

qarmaqshy-tany.kz Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың мазмұнындағы өзгерістерге байланысты нормативтік құжаттар бойынша №3 "Ертөстік" бөбекжай бақшасында педагогтарга түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, әдістемелік қолдау көрсетілді. Атап айтар болсақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 наурыздағы № 137 қаулысымен бекітілген мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін, ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын, ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 қыркүйектегі №394 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын, ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 14 қазандағы № 422 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын бөбекжай-бақша әдіскері Ж.Таженова түсіндіріп өтті.
Нормативтік құжаттардың талаптарын жүзеге асыру, мектепке дейінгі ұйымдағы оқыту мен тәрбиелеу сапасын арттырудағы міндеттер айтылды. Осы орайда мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне балаларды ерте дамыту институты мамандары, Қызылорда облыстық оқу орталығы мамандарының тарапынан үнемі әдістемелік көмек жүргізіліп келеді.
30 қазан 2022 ж. 830 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10426)

05 тамыз 2025 ж.

№57 (10425)

02 тамыз 2025 ж.

№56 (10424)

29 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 188
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031