» » Балабақша жұмыстарын іс - тәжірибе арқылы насихаттау

Балабақша жұмыстарын іс - тәжірибе арқылы насихаттау


Төретам кенті Ақай ауылына қарасты №23 «Балдырған» бөбекжай-бақшасында «Заттық –кеңістік дамытушы орта арқылы нәтижеге бағытталған даму механизмін құру» тақырыбында бөбекжай-бақша педагогтарының іс-тәжірибесін насихаттау мақсатында аудандық семинар өтті.

Семинарға депутат Е.Рзалиев, Ақай ауылының әкімі Э.Қазиева және мемлекеттік, жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері мен тәрбиешілері қатысты.

Семинарды Қармақшы аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Абдазиева ашып, мектепке дейінгі білім беру саласында болып жатқан нәтижелі жұмыстар легін айтып, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталып, бүгінгі семинар барысына сәттілік тіледі.

Семинар барысында бүлдіршіндердің қатысуымен әндер айтылып, би биленді. Семинардың тағы бір ерекшелігі-балалардың қалдық материалдардан жасалған креативті, сәнді, заманауи киімдер үлгісі қатысушылардың көз қуанышына айналып, көрерменді тәнті етті.

Сондай-ақ, семинар кезінде балабақша сыртқы ауласына түрлі топ бойынша балалардың болашақ мамандықтарға бейінін анықтау бойынша көрме алаңдарының жұмысы таныстырылды. Одан бөлек балалардың ой өрісі мен қабілеттерін арттыру барысындағы ойын түрлері мен түрлі рухани бағыттағы іс-шаралары бағдарламаға сәйкес қатысушыларға ұсынылды.

Семинар соңында қатысушы қонақтар бүгінгі семинар бағдарламасы негізінде көрсетілген жұмыстар бойынша тәжірибе алмасып, өзіндік ұсыныс пікірлерімен бөлісті.

03 маусым 2024 ж. 356 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 806
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 527

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930