» » “ЖАСЫЛ БАЛАБАҚША” ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АУДАНДЫҚ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

“ЖАСЫЛ БАЛАБАҚША” ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АУДАНДЫҚ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Қармақшы ауданы Жосалы кентінде орналасқан 1 санаториялық бөбекжай-бақшасында “Жасыл балабақша” жобасы аясында аудандық семинар өтті.

Аталмыш шараға Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Абдазиева Гульзира Мажитқызы арнайы қатысып, мектепке дейінгі ұйымдарда оқу-тәрбие жұмыстарының жүйелі жүргізілуін, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту үшін жайлы және қауіпсіз білім беру жағдайларын жасау және бала тәрбиелеу үрдісінде, ең алдымен мұғалім әдепті, тәртіпті, мәдениетті болуы мен қатар осы тұрғыда педагогикалық әдеп ережелерін педагогтердің білуі және сақтауы олардың кәсіби қызметі мен еңбек тәртібі сапасын бағалау өлшемшарттарының бірі болып табылатындығын жеткізіп, бүгінгі семинар жұмысына сәттілік тіледі.

Семинар барысында балалардың танымдық, шығармашылық дағдыларын қалыптастыру мақсатында зерттеу жұмыстары жүргізіліп, мектепке дейінгі білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігі ұстанымдарын қамтамасыз ету, балалардың физикалық дамуы, баланың зияткерлік, әлеуметтік дағдыларын және тұлғасын дамыту үшін инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану, оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттерінің бірлігін қамтамасыз ету, балаларды қазақ халқының ұлттық құндылықтарына, отбасылық құндылықтарға, отаншылдыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке, мәдени-әлеуметтік нормаларға баулу, балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның күш-жігерін біріктіру мақсатындағы әдіс-тәсілдер барысында жұмыстар көрсетілді.

07 наурыз 2025 ж. 424 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

№63 (10431)

23 тамыз 2025 ж.

№62 (10430)

19 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 276
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Жосалы жаңару жолында
26 тамыз 2025 ж. 572

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031