» » Мерейлі мектебім

Мерейлі мектебім

Тағылымың тереңде,
Өткеніңді өзек етем өлеңге.
Білім деген – толқыны дүр бір теңіз,
Өзің едің жеткізетін кемем де.
Сен биіксің, сенен алған білімім
Биігірек қой сенен де.
Жылдардың күзін әр,
Асыға күтіп, сан бала қызығар.
Бүгін таудай тұлға болған адамның,
Сенде қалған кіп-кішкентай ізі бар.
Сен қалқалап келесің-ау уайымнан,
Сезбегенмін сызын әр.
Оттай жанған жанары,
Сан шәкіртті түлеткенсің саналы.
Сен өсірген шәкірттердің табанда,
Биік шыңға тиген еді табаны.
Балалығын жоғалтқандар есейіп,
Табалдырығыңнан табады.
Сенің отың алаулаған санамда,
Сен биіксің, биік сенің бағаң да.
Демемесең бағыт беріп, жол сілтеп,
Менің бағым шамшырақтай жанар ма?
Балғын кеуде, бал шағымның куәсі,
Алтын ұя, құтты ошақ, ақ орда.
Бала, сенен дос табар,
Алғаш кірсе, бүлдіршіндер жасқанар.
Есейгенде қоштасқысы келмей ме,
Жанарынан моншақ-моншақ жас тамар.
Жетістікке жетелейтін даңғыл жол,
Баспалдағыңнан басталар.
Ердәулет ОРЫНБАСАР
26 мамыр 2026 ж. 103 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 789
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 075

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930