» » Алтын ұя – мектебім

Алтын ұя – мектебім

Адам қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да, өмірдегі ең ұмытылмас сәттер болып мектепте өткізген уақыт қалатын шығар. Мектеп – балаларды бүлдіршін кезінен бастап, есейіп ержеткенге дейін білім нәрімен сусындатар алтын ордамыз. Алғашқыда мектепке келіп әрбір әріпті, әрбір санды жазып үйрену қалай қиынға соққан еді. Ал уақыт өте бәрі өзгерді.
Мектеп... Бұл сөзде қаншама мағына жатыр десеңізші! Әлі есімде... Мектеп табалдырығын аттаған кезде мен тым кішкентай болсам да бәрі де көз алдымда, тіпті кеше ғана болған сияқты. Алғашқы ұстазымды көрдім. Осы кезден бастап мен ұстазымның арқасында мектеп туралы, мектептің не екенін, оның қандай мағына беретінін ақырындап түсіне бастадым. Сөйтіп, айлар, жылдар өтті. Мен мектептен өзіме сырымды бөлісетін, ойнап-күлетін адал достар таптым.
Мектеп – өмірлік ұстазымыз. Барлығын дерлік осында үйренеміз, көреміз, ой түйеміз. Бірлігі бекем, тарихы терең, ақ күріштен тау тұрғызған құтты мекен Дүр Оңғар ауылындағы №107 орта мектептің оқушысымын. Білім жолындағы алғашқы қадамдарым мен мектепте өткізген жылдарым мені бүгінгі таңда жетілген, сенімді тұлға ретінде қалыптастырды. Бұл жерде мен тек ғылыми білім ғана емес, сонымен қатар өмірлік маңызды дағдылар мен құндылықтарды меңгердім. Мектепке алғаш келгенімде мені қызықтырған жаңа білімдердің әлемі күтті. Мектебім мен үшін армандарымды жүзеге асыратын, бойдағы талантымды ашқан және мүмкіндіктерге толы орын болды. «Алтын белгі» үміткері ретінде менің білімім мен табандылығымды сынауға, шыңдауға мүмкіндік туғаны қуантады. Бұл мәртебе одан әрі ынталандырады, менің болашақтағы мақсаттарыма жету жолында жауапкершілікті сездіреді. Мектептегі оқу процесі мені тек ғылыми пәндермен шектелмей, сонымен қатар адамгершілік құндылықтарды және шығармашылықты дамытуға бағыттады.
Әртүрлі байқау мен жобаға қатысып, мен өзіме сенімділікпен, шешімділікпен және жауапкершілікпен қарауды үйрендім. Жеңімпаз атануым менің қабілет терімнің жетілуіне, өз-өзімді тануыма және жаңа мүмкіндіктерге ашық болуға жол ашты.
Мектеп – білімнің алғашқы қақпасы, онда мен ұжымда жұмыс істеу, дос табу және әр адамның маңызды рөлін түсіну дағдыларын меңгердім. Мектептегі ұлағатты ұстаздарымның арқасында тек білім алып қана қоймай, сонымен қатар тәрбиелік құндылықтарды, адамгершілікті және адалдықты үйрендім деп айта аламын. Олар мені шабыттандырып, әрбір жетістігіме қуанды, жанымдағы жарық жұлдыздарға айналды.
Болашақта менің алдымда тұрған мақсаттарым – білім мен тәжірибені одан әрі тереңдету, өзімді дара тұлға ретінде жан-жақты дамыту. Мектеп мені бәсеке лестік пен жауапкершілікке дайындады. Сіңірген білімдерім мен тәжірибем – менің болашақтағы жетістіктерімнің кепілі деп білемін. Сондықтан мен мектепті білімнің алғашқы қақпасы ретінде бағалаймын. Шығармашылық шабытпен, үлкен жеңістерге жетуге деген талпынысым арқылы болашақта еліміздің игілігі үшін еңбек ететініме сенімдімін. «Болашақ бүгін нен басталады» дегендей, даналықпен бүгінгі білім тәжірибесінде жасаған қадамдарымыз – біздің ертеңгі жетістіктеріміздің негізі.
Расила НҰРЛЫБЕКЫЗЫ,
Дүр Оңғар ауылы
25 желтоқсан 2024 ж. 110 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031