» » Ардагер еңбегі – ұрпаққа үлгі

Ардагер еңбегі – ұрпаққа үлгі

Ұлы Отан соғысы жылдары майдан даласында жаумен шайқас жүріп жатқанда, ел ішінде қалған қариялар, әйелдер мен балалар күн-түн демей еңбек етіп, Жеңісті жақындатуға өлшеусіз үлес қосты.

Олар сол ауыр кезеңде майдандағы жауынгерлерді азық-түлікпен, киім-кешекпен және өзге де қажетті өнімдермен қамтамасыз етіп, Ұлы Жеңістің жақындатылуына зор үлес қосты. Бұл – ерлікпен пара-пар қажырлы еңбек еді.

«AMANAT» партиясы Байқоңыр филиалының төрағасы Еркін Рзалиев, филиалдың Атқарушы хатшысы Мақсат Есбенбетов және партия белсендісі Есен Қалиев тыл ардагері Құттықия Абибуллаевтың шаңырағына арнайы барып, құрмет көрсетті.

«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында өткен кездесуде ардагердің өмір жолы, соғыс жылдарындағы және одан кейінгі еңбегі кеңінен айтылып, Жеңіске қосқан үлесі ерекше атап өтілді. Сондай-ақ сол кезең туралы естеліктер тыңдалып, бүгінгі бейбіт өмірдің құндылығы мен тәуелсіздіктің қадірі жөнінде тағылымды ойлар ортаға салынды.

Кездесу барысында ардагерге жылы лебіздер білдіріліп, хал-жағдайы сұралды. Өз кезегінде Құттықия ата көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, елдің амандығы мен тыныштығын тілеп, ақ батасын берді.

Тыл ардагерлерінің қажырлы еңбегі – бүгінгі бейбіт өмірдің берік негізі әрі кейінгі ұрпаққа үлгі болатын тағылымды тарих.
08 мамыр 2026 ж. 212 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 841
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 111

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930