» » ПАРТИЯНЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН ВОЛЕЙБОЛДАН ТУРНИР ӨТКІЗІЛДІ

ПАРТИЯНЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН ВОЛЕЙБОЛДАН ТУРНИР ӨТКІЗІЛДІ

Бүгін Байқоңыр қаласында "AMANAT" партиясының қолдауымен "Ардагерлерді ардақтайық" жобасы аясында 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай ардагер спортшыларға арналған жасөспірімдер арасында волейболдан турнир өткізілді.
Турнирдің мақсаты - спорт саласының ардагерлерін ерекше құрметтеу, олардың еңбегін жоғары бағалау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастардың бойында туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру.
Спорттық жарысқа "AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалының Атқарушы хатшысы Мақсат Есбенбетов, "Янгель" бастауыш партия ұйымының төрағасы, Байқоңыр қалалық волейбол федерациясының президенті Бақытбек Кеңесов, спорт саласының ардагерлері және бастауыш партия ұйымдарының төрағалары қатысты.
- "Спорт ардагерлері – жас ұрпаққа үлгі боларлық тұлғалар. Олар өз өмір жолымен жастарды еңбекке, тәртіпке, елге деген сүйіспеншілікке үйретіп келеді. Ардагерлеріміз тек спорттық жетістіктерімен ғана емес, ел бірлігін бекемдеудегі және жас буынды патриоттық рухта тәрбиелеудегі еңбектерімен де ерекше құрметке лайық", - деді партия филиалының Атқарушы хатшысы М.Есбенбетов.
Турнир қорытындысы бойынша байрақты бәсекенің ұйымдастыруына үлес қосқан бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен партиялық топ жетекшілері және жарыс жеңімпаздары арнайы кубок, алғыс хаттар мен дипломдармен марапатталды.
05 мамыр 2025 ж. 491 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№12 (10479)

14 ақпан 2026 ж.

№11 (10479)

10 ақпан 2026 ж.

№10 (10478)

07 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 435
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 277

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728