Құрылтай
» » Спорт күнінде партия мүшелері арасында волейболдан турнир басталды

Спорт күнінде партия мүшелері арасында волейболдан турнир басталды



Бүгін "AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалына қарасты бастауыш партия ұйымдары мүшелерінің арасында волейболдан спорттық жарыс басталды.

Турнирдің ашылу салтанатына "AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалының Атқарушы хатшысы Мақсат Есбенбетов, "Янгель" бастауыш партия ұйымының төрағасы, Байқоңыр қаласы бойынша волейбол федерациясының президенті Бақытбек Кеңесов қатысты.

"Бүгінгі спорт күні мерекесімен барлық қатысушыларды құттықтаймын. Спорт күні – денсаулық, күш-жігер, шыдамдылық және сергектіктің мерекесі. Қоғамның әл-ауқатының басты көрсеткіші - адамның денсаулығы десек, оны нығайту мен салауатты өмір салтын қалыптастыруда спорттың алар орны ерекше. Дені сау ұлт қана бәсекеге қабілетті болады", - деді М.Есбенбетов.

"Янгель" бастауыш партия ұйымының төрағасы, Байқоңыр қаласы бойынша волейбол федерациясының президенті
Б.Кеңесов қатысушыларды спорт күні мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдіріп, барлық бастауыш ұйымдардың мүшелеріне сәттілік тіледі.

Турнирдің ашылу салтанатынан кейін алғашқы ойындар басталды.
19 тамыз 2024 ж. 1 075 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 651
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 110

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31