» » Партия филиалының қолдауымен бокстан республикалық турнир басталды

Партия филиалының қолдауымен бокстан республикалық турнир басталды

"AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалының қолдауымен "QAISAR" әскери-патриоттық партиялық жобасы аясында жасөспірімдер арасында бокстан республикалық турнир басталды.

Спорттық жарысқа Шымкент қаласы, Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Байқоңыр қаласынан 300-ге жуық қатысушы жиналды.

Жарыстың ашылу салтанатына келген Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, ҚР Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай жас боксшыларға сәттілік тілеп, ыстық лебізін білдірді.

Бокс додасына арнайы шақырылған халықаралық дәрежедегі спорт шебері, "Astana Arlans" команда құрамында бокстан әлем чемпионы Бағдат Әлімбеков жарысқа қатысушы спортшыларды жігерлендірді.

Турнирдің мақсаты салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастардың бойында туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, жасөспірімдер арасында олимпиадалық спорт түрін насихаттау, балалардың достық қарым-қатынастарын және спортқа қызығушылығын арттыру.

Байрақты бәсеке 28 сәуірге дейін жалғасады. Жарыс жеңімпаздары арнайы кубок, медаль мен дипломдармен марапатталады.
25 сәуір 2024 ж. 693 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№29 (10497)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 938
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 576

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930