ҰЛЫ ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАН АРДАГЕРЛЕРГЕ МЫҢ АЛҒЫС!
9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күні деп тойласақ та, оның салмағының ауыр болғанын бүгінгі ұрпақ ешқашан да ұмытпауы тиіс.
Ұлы Отан соғысы кезінде ауыл шаруашылығында еңбек еткен ерлер майданға аттанды.
Олардың орнын қариялар, әйелдер мен балалар басып, майдан даласын азық-түлік және шикізатпен қамтамасыз етті. Олар күні-түні аянбай, тылда еңбек етіп, Ұлы Жеңіске жетуге үлкен үлесін тигізді. Тылдағы әрбір күн соғысқа тең еді.
Осындай Ұлы Отан соғысы кезінде тылда аянбай еңбек еткен қарияларымыз Мұстафаева Памен, Қапашева Алаукеш, Бегимова Құлтай, Нағыметова Қарлығаш, Дүйсенов Керейтбай, Кужабергенова Кермекас, Урманов Парахат, Тәжібаева Даметкен, Бөрібаева Салтан.
Бүгін "AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалының төрағасы, аудандық мәслихаттағы "AMANAT" партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Еркін Рзалиев, партия филиалының Атқарушы хатшысы Мақсат Есбенбетов, бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері тыл ардагерлерінің шаңырағына барып, хал-жағдайын сұрап, тылдағы еңбектің ұмытылмайтынын айтып, "Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл" мерекелік медальдарын табыстады.
Сондай-ақ, ҚР Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі Қ.Нұртай мен "AMANAT" партиясының құттықтаулары жеткізілді.
Елімізде ардагерлерге көрсетіліп жатқан құрметке риза болған аяулы қарияларымыз "AMANAT" партиясына жылы лебізін білдіріп, алғысын айтты.