» » ТАҒЫЛЫМ МЕН ТӘРБИЕ ТОҒЫСЫ

ТАҒЫЛЫМ МЕН ТӘРБИЕ ТОҒЫСЫ

Кітап – адамзат өркениетінің ең ұлы жетістіктерінің бірі. Ол – сан ғасырлар бойы жиналған білім мен тәжірибенің, ақыл мен парасаттың, рух пен мәдениеттің сақтаушысы. Ежелгі дәуірдегі қыш тақташалардан бастап, бүгінгі заманауи баспа өнімдеріне дейін кітап адамзатпен бірге жасап келеді. Кітап арқылы ұрпақтанұрпаққа асыл мұра, тағылымды тарих, көркем ой мен терең білім жетіп отыр. Ұлы ойшылдар мен ағартушылар да кітаптың құдіретін жоғары бағалаған. Мәселен, Абайдың «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деген сөзі кітаптың білімнің қайнар көзі екенін айқындай түседі.
Қазіргі цифрландыру дәуірінде де кітаптың орны ерекше. Электронды формат қанша дамығанымен, қағаз кітаптың әсері мен маңызы кеміген жоқ деуге болады. Оны онлайн және офлайн кітап дүкендерінің көбейгенінен аңғара аламыз. Кітап оқу – тек ақпарат алу ғана емес, ол – ойлау қабілетін дамыту, тіл байлығын арттыру, рухани дүниені байыту. Әсіресе жас ұрпақ үшін кітап – тұлғалық қалыптасудың, дүниетанымның кеңеюінің басты құралы. Сондықтан кітапты насихаттау, оқу мәдениетін қалыптастыру – қоғам алдындағы маңызды міндеттің бірі.
Осы орайда аудандық «Руханият» орталығында Ұлттық кітап күні мен кітапханашылар күніне арналған «Ұлттық кітап – ұрпақ аманаты» атты кең ауқымды кітап фестивалі өтті. Рухани құндылықтарды ұлықтаған бұл тағылымды шара кітап пен оны оқудың қоғамдағы маңызын арттыруға, әсіресе жастардың кітапқа деген қызығушылығын оятуға бағытталды.
Мерекелік жиынды жүргізуші ашып, елімізде 2024 жылдан бастап ресми түрде аталып өтіп келе жатқан Ұлттық кітап күнінің маңыздылығына тоқталды. Бұл мерекенің басты мақсаты оқуды насихаттау, кітап мәдениетін қалыптастыру және қоғамның зияткерлік әлеуетін арттыру екені ерекше атап өтілді. Жиын барысында «Жырмен өрілген кітап әлемі» атты поэтикалық марафон ұйымдастырылып, Ш.Уәлиханов атындағы №26 орта мектептің 6-сынып оқушылары кітап туралы өлеңдерін оқыды. Жас өрендердің жүрекжарды жырлары көрермен көңілінен шығып, рухани әсер сыйлады.
Фестиваль аясында аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев құттықтау сөз сөйлеп, кітаптың маңыздылығына тоқталды.
– Қазіргі таңда бұл бағытқа мемлекет мән беріп, қоғам тарапынан ерекше назар аударылып келеді. Өйткені осы құндылығымыздың өзегінде халқымыздың бар болмысы, мәдениеті, салт-дәстүрі, тарихы жатыр. Бұл күн шын мәнінде ұлтымыздың ұлы мерекесіне айналып жатса, біздің халық ретінде өркениет төріне шыққанымызды білдіреді. Сондықтан адамзаттың ақыл-ойы қатталған асыл мұрамызды кеңінен насихаттау – біздің парызымыз, – деді ол.

Фестиваль аясында кітапхана саласының ардагерлері мен қызметкерлері, сондай-ақ кітап оқуды серік еткен оқырмандар түрлі алғыс хаттар мен төсбелгілерге ие болды. Мерекелік шара әнмен өріліп, кітапханашылардың орындауындағы музыкалық нөмірлер кештің көркін аша түсті. Сонымен қатар «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы ұйымдастырылып, ел азаматтары кітапхана қорын толықтыруға өз үлестерін қосты.
Тағылымды шарада аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов, «Ұлт бірлігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шегебай Құндақбайұлы және Жосалы кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерболат Ұзақбаев сөз алып, кітаптың ұлт тәрбиесіндегі маңызын атап өтті.
Сондай-ақ фестиваль аясында қуыршақ театрының сахнасында балалардың сүйікті ертегісі «Бауырсақ» қойылымы көрермен назарына ұсынылды. Танымал халық ертегісі желісінде сахналанған бұл қойылым кішкентай көрермендерге ерекше әсер сыйлап, ертегі әлеміне жетеледі. Қойылымды тамашалауға №26 мектептің мектепалды даярлық сыныбының оқушылары мен №21 «Тоғжан» бөбекжай-бақшасының тәрбиеленушілері арнайы келді. Балдырғандар ертегі кейіпкерімен бірге қуанып, оның бастан кешкен оқиғаларына қызыға көз тікті. Әсіресе, бауырсақтың орман жануарларымен кездесуі сахналық көріністер арқылы әсерлі жеткізіліп, балалардың қызығушылығын арттырды.
Фестиваль одан әрі мәжіліс залында «Жаңа буын – жаңа жыр» атты ерекше поэзия кешімен жалғасын тапты. Бұл кеш ауданның жас ақындарының шығармашылығына арналды. Жас таланттар өздерінің жүрек түкпірінен шыққан жырларын оқып, қазіргі заманның тынысын, жастардың ой-армандарын поэзия арқылы жеткізді. Олардың шығармалары көрермендерді бейжай қалдырмай, сөз өнерінің мәңгілік екенін тағы бір дәлелдеді. Кеш барысында аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Кенжебек Таңбаев сөз сөйлеп, жастарға ақ батасын берді. Фестиваль көтеріңкі көңіл-күймен аяқталып, қатысушылар естелік суретке түсті.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
26 сәуір 2026 ж. 55 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10498)

25 сәуір 2026 ж.

№29 (10497)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 964
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 600

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930