» » ЖЫЛ ОҚЫРМАНЫ – 2025

ЖЫЛ ОҚЫРМАНЫ – 2025

Адамзат баласы өзінің бар өмірінде білім мен тәрбиеге, рухани байлыққа ұмтылып келеді. Бұл жолда кітаптың алатын орны ерекше. Кітап – адам ақыл-ойының жемісі, талай ғасырлар бойы жиналған тәжірибе мен даналықтың айнасы. Сондықтан да халқымыз «Кітап – рухани қазына» деп бекер айтпаған.
Кітап – тек білімнің көзі ғана емес, рухтың азығы. Ол адамды ізгілікке, мейірімділікке, отансүйгіштікке тәрбиелейді. Жақсы кітап оқыған адам – жан дүниесі бай, ой-өрісі кең адам. Кітаппен дос болған адамның жүрегі мейірімге толы, сөзі салмақты, ісі тиянақты келеді. Өйткені кітаптан алған тәлім-тәрбие оның өмірлік ұстанымына айналады. Бүгінгі таңда технология қаншалықты дамыса да, кітаптың орны бөлек. Электронды құралдар мен қысқа ақпараттар заманы келгенімен, шынайы рухани байлық тек кітаптан табылады. Нағыз білім мен тәрбиені, терең ой мен өмірлік тәжірибені тек кітаптан ғана үйренуге болады. Кітап – өткен мен бүгінді, бүгін мен ертеңді жалғайтын алтын көпір. Әрбір ұлттың тарихы, тілі, мәдениеті, салт-дәстүрі кітап арқылы ұрпақтанұрпаққа жетеді. Сондықтан жас ұрпақтың кітаппен дос болуы – ел болашағының жарқын болуына бастар жол.
Жақында академик С.Жиенқұлов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі кітапханасында «Жыл оқырманы – 2025» тақырыбында 1-курс студенттерінің қатысуымен конкурс өткізілді. Мақсаты – оқушыларды білімділікке үйрету, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітап оқуға саналы түрде баулу. Өз беттерімен ізденуге тәрбиелеу. Оқырманның әдеби кітапқа құштарлығын арттыру, ұлттық сана-сезімі жоғары, рухани ойлауы терең, мәдениетті, парасатты, арожданы мол, еңбекқор ұрпақты кітап оқу арқылы тәрбиелеу.
Сайысқа АШ-124 оқу тобының студенті Жасұлан Байназаров, ТА-124 оқу тобының студенті Ақерке Кенжебекқызы, ТС-123 оқу тобының студенті Дана Меңдібаева, ТЭ-124 оқу тобының студенті Алмас Бекетов, ТМ-124 оқу тобының студенті Мәди Алмағанбет қатысты. Сайыс үш кезеңнен тұрды. Қатысушылар бірінші кезеңде өздерін таныстырса, екінші кезеңде өзі оқыған кітабын жарнамалады. Үшінші кезең «Ұшқыр ой» деп аталып, қатысушылар сұрақтарға жауап берді.
Сайыс нәтижесінде Ақерке Кенжебекқызы – «Үздік оқырман», Алмас Бекетов – «Білімді оқырман», Мәди Алмағанбет – «Талапты оқырман», Жасұлан Байназаров – «Белсенді оқырман», Дана Меңдібаева – «Жігерлі оқырман» атанды. Білімгерлерді кітап оқуға шақырған бұл іс-шараның тәрбиелік, рухани мәні зор деп білеміз.
Қымбат БЕРДЕШ,
Байқоңыр қала
14 маусым 2025 ж. 35 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№43 (10411)

14 маусым 2025 ж.

№42 (10410)

10 маусым 2025 ж.

№41 (10409)

03 маусым 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 916
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30