» » МЕРЕЙІ ҮСТЕМ МАМАН

МЕРЕЙІ ҮСТЕМ МАМАН

Кітап – адамзат өркениетінің алтын діңгегі, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан рухани мұра. Ал сол асыл қазынаны сақтап, оқырманға жол тартқызатын, білім мен мәдениеттің алтын көпіріне айналған жан – кітапханашы. Бүгінгі қоғамда кітапханашы тек кітап сақтаушы ғана емес, ол – оқырман мен білімнің арасын жалғаушы, жаңа технологияларды игерген, заман ағымына сай жаңашыл маман.
Осындай өз ісіне адал, руханияттың жанашыры болып жүрген жандардың бірі – Айнұр Алдабергенқызы. Ол – Жосалы кентінің тумасы. Осындағы №121 мектептің түлегі. Мектеп қабырғасында жүріп-ақ кітапқа деген ерекше сүйіспеншілігімен көзге түскен ол өз болашағын кітапхана ісімен байланыстыруды жөн көреді. Жан қалауын таңдаған ол «Кітапхана ісі» мамандығын тәмамдап, бүгінде №26 мектепте 10 жылдан бері табысты қызмет етіп келеді.
Өмірін кітаппен байланыстырған Айнұр Алдабергенқызының еңбегі елеусіз емес. Ол оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, кітапхананы тек оқу орны ғана емес, рухани орталыққа айналдыруға күш салып келеді. Мектеп кітапханашыларымен бірлесіп білім ордасында әдеби кештер, кітап көрмелері, танымдық кездесулер жиі өткізіліп тұрады.
Кәсіби шеберлігі мен ізденімпаздығының нәтижесінде кітапханашы бірнеше мәрте марапатқа ие болды. Қызылорда облыстық білім басқармасы басшысының «Кітапханашылар күніне» орай Алғыс хатымен марапатталса, «Алматы кітап» баспасының «Topiq» білім беру платформасын белсенді қолданып, цифрлық білім беру технологияларына қызығушылық танытқаны үшін мектеп кітапханасы арнайы дипломға ие болған.
Былтыр кітапханашылар күніне орай өткен республикалық деңгейдегі байқауда да Айнұр Алдабергенқызының еңбегі жоғары бағаланды. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы мен «Көкжиек-Горизонт» баспасы бірлесіп ұйымдастырған ІІІ республикалық «Кітап әлемі – кадрда» фотобайқауында «Шексіз кітап – Книга без границ» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталды. Кітапханашының айтуынша, бұл жетістіктер – тек жеке еңбектің ғана емес, ұжымдық қолдаудың нәтижесі.
– Қазіргі заманда кітапханашы болу – үлкен жауапкершілік. Себебі біз тек кітап беріп қана қоймаймыз, оқушының ой-өрісін кеңейтіп, дұрыс бағыт-бағдар көрсетуге тырысамыз. Әсіресе цифрлық технологиялар дамыған уақытта кітапхананың да жаңа форматқа көшуі маңызды. «Topiq» сияқты платформалар арқылы балалардың білімге деген қызығушылығын арттыруға болады. Мен үшін ең үлкен марапат – оқушылардың кітапқа, кітапханаға қайта оралуы, – дейді Айнұр Алдабергенқызы.
Шынында да, бүгінгі кітапханашы – заман көшінен қалмай, дәстүр мен жаңашылдықты қатар алып жүрген жандар. Олар кітап оқуды жаңа технологиялар арқылы танытуға бар күшжігерін салуда. Қалайда кітаптың құнын арттыруға еңбек етуде. Түптеп келгенде, кітап – мәңгілік. Ал сол мәңгіліктің шамын сөндірмей, келер ұрпаққа жеткізіп жүрген осындай кітапханашылар еңбегі әрдайым құрметке лайық.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ

22 сәуір 2026 ж. 83 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№29 (10497)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 939
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 577

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930