“АДАЛ АЗАМАТ: ТАБИҒАТҚА МЕЙІРІМ, СУҒА ҚҰРМЕТ” ОБЛЫСТЫҚ ТӘЖІРИБЕ АЛАҢЫ
Қызылорда облыстық білім басқармасының «Тәрбие спорт және қосымша білім беру» орталығы, Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің № 273 орта мектебінің ұйымдастыруымен «Адал азамат: табиғатқа мейірім, суға құрмет» тақырыбымен облыстық тәжірибе алаңы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: «Адал азамат» концепциясын жүзеге асыру мақсатында білім алушылардың бойында жалпыадамзаттық қөұндылықтар жүйесін, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты қорғау және су ресурстарын үнемді пайдалану бойынша озық пеадгогикалық тәжірибелерді жинақтау және тарату.
Тәжірибе алаңына: «Су және білім» жобасы бойынша облыстық координатор, облыстық білім беру ұйымдарының өкілдері, Байқоңыр қалалық су шаруашылық және эколог мамандары, «Су және білім» жобасы аясындағы магниттік мектептердің педагого қызметкерлері.
Іс-шара қонақтарды «Су-тіршілік көзі» қарсы алу рәсімімімен басталды. Одан соң қонақтар магниттік мектептермен бірлескен «Су және ғылым» танымдық көрмесін тамашалап, № 85,99,275,269,279 мектептердің оқушыларының макеттерімен танысып,жобаларын тыңдады.
Келесі кезекте «Адал азамат: табиғатқа мейірімділік, суға құрмет» тәжірибе алаңының ашылу салтанатында Қызылорда облыстық білім басқармасының «Тәрбие спорт және қосымша білім беру» орталығының тәрбие ісі жөніндегі басшысы Асқарова Жұлдыз Ғалымжанқызы мен Қармақшы аудандық білім бөлімінің әдіскері Тоқшылықова Ақтолқы Каналбекқызы сөз сөйлеп, семинар жұмысына сәттілік тіледі.
Инновациялық алаңдар бойынша «Тамшыдан тараған сұлулық» оқушылар мен ата-аналар бірлескен шығармашылық көрме көпшіліктің көңілінен шықты. Қонақтар қолданбалы қолөнер бұйымдары, сурет өнері, макеттер сұлу судың табиғатын, болмысын, қасиетін айнытпай танып, қөркемөнер бұйымдарынан ләззат алды.
Геотехнология бағыты бойынша зертхана жұмысын таныстырған оқушылар жергілікті топырақтан шыны, кірпіш жасау жолдарын игергені жөнінде әңгімеледі. Суды үнемдеу мақсатында тамшылатып суару арқылы өсірілген көкөністер мен гүлдер бір күндік еңбек жемісі емес екені байқалды.
Келесі кезекте «Адал азамат» кабинетін ашу құрметі Қызылорда облыстық білім басқармасының «Тәрбие спорт және қосымша білім беру» орталығының тәрбие ісі жөніндегі басшысы Асқарова Жұлдыз Ғалымжанқызына берілді.. Осы кабинетте «Su-Integrity» жұмыс форсайт-сессиясында ата-аналармен бірлескен жұмыс көашілік назарына ұсынылды.
Суды үнемдеу, су қадірін білу жайлы «Су сөйлесе...» оқушылар айтысы қызықты да тартымды, мазмұнды болды.Одан соң қонақтардың назары Абай мұражайына аударылды. Қатысушылар «Желсіз түнде жарық ай» әнін тыңдап, бір мезет табиғат аясында қиялмен серуендеді. Оқушылар Абайдың шығармашылығы мен өмірінен деректермен таныстырып, Абай бай мұрасының өміршеңдігін тілге тиек етті.
«Eco-Ideathon»: «Адал азамат-судың сақшысы» инновациялық жобасы оқушылардың шығармашылығынан, олардың бай фантазиясынан хабардар етті. Оқушылар әртүрлі сулар мен суысндардың қасиетін ажырататын платформаларды көпшілік назарына ұсынды.
Тәжірибе алаңын «Суды қорғау-азаматтық міндет» дискуссия алаңы және «Жас талант» мектеп театрының «Қария мен теңіз» эко-театр қойылымы қорытындылады.

















