» » МАГНИТТІК МЕКТЕПТЕРМЕН ЖҰМЫС

МАГНИТТІК МЕКТЕПТЕРМЕН ЖҰМЫС


Магниттік мектептермен жұмыс – бұл оқыту сапасын арттыруға және педагогикалық тәжірибе алмасуға бағытталған маңызды жүйе. Мұндай жұмыс барысында тірек мектептері мен магниттік мектептердің педагогтары бірлесе отырып, белгілі бір бағыттарда инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу және білім беру сапасын жетілдіру мақсатында түрлі шараларды жүзеге асырады.

Осы бағыттағы жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында Т. Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицей педагогтарынан құралған топ №80 мектеп-гимназиясына іссапармен барды. Сапар барысында топқа аудандық білім бөлімінің әдіскері Қосанова Айгүл жетекшілік етті. Мұғалімдер гимназиядағы сабақтарға қатысып, оқу процесінің ұйымдастырылуымен және мұғалімдердің әдістемелік тәсілдерімен танысты.

Сабақтарға қатысу барысында топ мүшелері мектептің қажеттіліктерін анықтап, алдағы уақыттағы бірлескен жұмыстарды жоспарлады. Әсіресе оқытудағы жаңашыл әдістерді енгізу, инновациялық идеяларды жүзеге асыру және оқушылардың білім сапасын арттыру мәселелері талқыланды.

Бұл тәжірибе алмасу тек мектептер арасындағы қарым-қатынасты нығайтып қана қоймай, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыруға және ортақ мақсаттарға жету жолында тиімді жұмыс жүйесін құруға мүмкіндік берді. Екі тарап та мұндай ынтымақтастықтың білім беру сапасына оң әсер ететініне сенімді.

Магниттік мектептермен бірлесе жұмыс істеу – мұғалімдерге жаңа идеялармен алмасып, кәсіби даму жолында алға жылжуға көмектесетін тиімді құрал. №80 мектеп-гимназиясына жасалған сапар осының дәлелі болды, әрі болашақтағы жұмыстарға нақты бағыт берді.

30 қаңтар 2025 ж. 521 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 416
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 218

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930