» » "Lesson Study" - білім сапасын көтерудің тиімді әдісі

"Lesson Study" - білім сапасын көтерудің тиімді әдісі

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданы Т.Ізтілеуов атындағы №29 орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қармақшы аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына және мектептің ғылыми-әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес "Lesson Study" сабақты зерттеу үдерісін дамыту және мектеп тәжірибесін насихаттау мақсатында мектепте "Lesson Study үдерісінің тиімділігі" тақырыбында аймақтық семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты:
Мұғалімдерге оқушыларды зерттеуге, қызығушылығын арттыруға, білім сапасын көтеруге, мұғалімдердің кәсіби деңгейін жоғарылатуға, бірлесіп жұмыс жасауға мүмкіндік беретін және сабақтағы іс-әрекеттің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсілдің тиімділігін арттыру.
Осы мақсатта аймақтық семинарда "Lesson Study (сабақты зерттеу) - білім сапасын көтерудің тиімді әдісі" тақырыбында мұғалімдер арасында тәжірибе алмасу мақсатында мектеп директорының ғылыми әдістемелік жөніндегі орынбасары Ж.Қисықова коучинг өтті. Коучингте тәжірибе алмасу мақсатында келген мұғалімдермен бірлесе отырып, оқушыларды зерттеуге, қызығушылықтарын арттыруға, білім сапасын көтеруге, мұғалімдердің кәсіби деңгейін жоғарылатуға, бірлесіп жұмыс жасауға мүмкіндік беретін педагогикалық тәсіл туралы түсінік бере отырып, тиімді жаңа әдіс - тәсілдерді қолдана отырып, мұғалімдермен ашық пікірлер, талқылаулар өрбітті. Аталған коучингте Ж.Қисықова қатысушы мұғалімдердің психологиялық ахуалын қалыптастыру мақсатында "Көңілі көтеріңкі ұстаздың еңбегіде жемісті болады" тренингі бойынша мұғалімдерге жақсы көңіл-күй сыйлап, 3 топқа бөліп, "Түрткі сұрақтар" арқылы сабақ барысындағы түрлі мәселелер жөнінде сұрақтар арқылы ойлар өрбітті. Мұғалімдерге "BEEP" әдісі арқылы топтық тапсырмалар берді. Тапсырмалар барысында "Сабақты зерттеу" үдерісінде осы тәсілдің мықты, әлсіз тұстары қандай? Сабақты зерттеу кезінде осы тәсілдің мұғалімдер мен оқушыларға берер ықпалы қандай? деген сұрақтар арқылы пікір алмасты. Сонымен қатар, "Tarsia" әдісі арқылы топтық тапсырмалар орындатып, осы аталған коучингке "Ақылдының алты қалпағы" арқылы коучинке кері байланыс жүргізді.

Сабақты зерттеу тәсілі қазіргі таңда көптеген мұғалімдер үшін өзіндік мақсат болып табылады. Сабақты зерттеу өте тиімді құрал болуы мүмкін, оның көмегімен мұғалімдер өз тәжірибелерін жетілдіре алады. Осы Lesson Study (зерттеу сабағы) арқылы тәжірибелі мұғалім бірлесіп жоспарлау, бірлесіп қадағалау, бірлесіп талдау, бірлесіп оқыту туралы бірлескен пікір қалыптасады.

Осы мақсатта сабақты зерттеу аясында зерттеу нысаны ретінде алынған 3 "Ә" сыныбында математика пәні бойынша, 7 "Ә" сыныбында биология пәні бойынша, 10 "Ә" сыныбында орыс тілі пәндері бойынша ашық зерттеу сабақтары жүргізілді.

3 "Ә" сыныбы бойынша М.Тасымова математика пәнінен "Секунд" тақырыбында ашық зерттеу сабағын өткізді. Сабақты зерттеу мақсатында оқушылардың оқу дағдысын дамыту мақсатында "Фонарик" "Ноутбук" "Тарсия" "Пирлс" әдіс - тәсілдерін қолдана отырып, есептер шығартып, жұппен, топпен, жеке деңгейлі тапсырмалар беру мақсатында оқушылар нәтижесінде сабақты түсініп, оқушының қажеттіліктерін жетілдірді.

Екінші зерттеу сабақ 7 "Ә" сыныбында биология пәні бойынша "Бактерияларды пайдалану. Табиғаттағы және адам өміріндегі бактериялардың маңызы. Зертханалық жұмыс "Өндірістегі йогурт және ірімшік жасауды зерттеу" тақырыбында мұғалім жаңа әдіс-тәсілдер "Попкорн" әдісі және деңгейлі сұрақтар арқылы оқушыларды биология пәніне деген қызығушылықтарын арттыра білді.

Үшінші сабақ "10 "Ә" сыныбында орыс тілі пәні бойынша өтілді. Пән мұғалімі А.Жаналиева. Сабақ тақырыбы: "Литературный КВН. "Терпенье и труд все перетрут" тақырыбында өтілді. Сабақ - сайыс сабақ. Топпен оқушылар түрлі тарсырмалар орындау арқылы оқушылардың арасында диалогтық оқыту жүзеге асты. Оқушылардың орыс тілі мен әдебиеті пәніне деген қызығушылықтарын арттырды.

Сонымен қатар аймақтық семинар барысында зерттеу сабақтар бақылаушылар талқылап, қорытындылады. Тәжірибе алмасу мақсатында келген және сабақты зерттеу пән мұғалімдері арасында пікір алмасу болды. Аталған аймақтық семинар "Өте жақсыға" бағаланды.

Lesson Study (сабақты зерттеу) мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтеретін, білім жетілдірудің, тәжірибе алмасудың оңтайлы әдісі екеніне көз жеткіздік. Сабақты зерттеу оқушыға саналы білім беруді көздеген, бір мақсатқа жұмылған ұстаздар шеберханасы деп айтсақ, артық айтпаған болар едік. К.Ушинский: "Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз жетілдіріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда, оның мұғалімдігі де жойылады" дегендей, ізденісімізді тоқтатпайық.

17 мамыр 2023 ж. 863 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 302

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 399

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930