» » Педагогтарды аттестациялау кезінде Lesson study және Action research әдістері талап етілмейді

Педагогтарды аттестациялау кезінде Lesson study және Action research әдістері талап етілмейді

ҚР Оқу-ағарту Министрлігі Орта білім комитетінің мәліметі бойынша, мектеп директорлары мұғалімдерді Lesson Study әдістемесі бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтуге және іс-тәжірибеде инновациялық Action research әдістерін қолдануға мәжбүр етпеуі керек.

Заңнаманың жаңа талаптарына сәйкес, 2023 жылдан бастап мұғалімдер үш жылда бір рет кесте бойынша тегін біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.

Курс сертификаттары аттестациялау кезінде ескеріледі. Сондықтан Lesson Study әдістемесіне сәйкес жеке біліктілікті арттыру курстарының қосымша сертификаттары және аттестациядан өткен кезде Action Research әдісін қолдану талап етілмейді.

Lesson study – сабақты зерттеу. Бұл жерде мұғалімдер бірлесіп сабақ өткізуге, жоспарлауға және бір-бірінің сабағын бақылап, талдауға мүмкіндігі бар. Мұғалімдер бірлесе жұмыс жасап, оқушыларға берілетін тапсырмаларды талқылай алады. Әдістеме ұжымда педагогикалық рефлексияны дамытуға үлес қосады. Бұл- білім сапасын арттыруға, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас мәдениетін жақсартуға көмектесетін тәсіл. Алайда, мұғалімдер өз тәжірибесінде бұл әдістерді өз қалауы бойынша қолдана алатынын ескерген жөн.

03 ақпан 2023 ж. 612 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 893
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 598

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930