"Lesson Study"

qarmaqshy-tany.kz "Lesson Study" - мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл екені белгілі.Сондықтан Ү.К.Томанов атындағы №183 орта мектеп мұғалімдері ынтымақтаса отырып, шығармашылықпен жұмыс жасау мақсатында мектепте бірнеше топ құрдық. Педагогтермен ақылдаса отырып, білім сапасы төмен, сабаққа деген қызығушылығы баяу сыныптарды нысанаға алып, "Lesson Study" - зерттеу сабақтарын ұйымдастыруды жолға қойдық. Топ құру барысында бір сыныпқа сабақ беретін мұғалімдер, бір пәннен сабақ беретін мұғалімдер, сыныптардың жас ерекшеліктері сияқты талаптарға баса назар аудардық. Әр топтың модераторы болып, көшбасшы мұғалімдер тағайындалды. Алдын ала сыныптың сабақтарына қатысып, бақылау жұмыстары жүргізілді. Сауалнамалар алынды. Сауалнама барысында оқушыларға «Сабақтың қай бөлігі ұнайды? Қандай сабақтар қиындық келтіреді? Қай пәндерге қызығасың? Үй тапсырмасын жасауда қиындық келтіретін тұстар бола ма? т.б деген сияқты сұрақтарды қамтыдық. Сауалнама нәтижесі бойынша 2 «б», 6 «б», 7 «б» ,9 «б» сыныптарын бақылауға алдық. Зерттеу сабағын бастамас бұрын топ мүшелерімен ақылдаса отырып, зерттеу сұрақтарын дайындап алдық. Осындай топ мүшелерінің бірі зерттеу сабағы үшін нысанаға 7 «Б» сыныбының қазақ тілі пәні таңдалып алынды. Топ мүшелері алдын ала бірлесіп, "Lesson study" жоспарын жасап, зерттелетін оқушылар таңдап алынып, бақылаушы мұғалімдер бекітілді. Зерттеу сұрағы: «Оқушылардың қазақ тілі пәніне қызығушылығын зерттеушілік әңгіме арқылы қалай арттыруға болады?» Осы сұрақты мақсат ете отырып,үш тізбектелген сабақ өткізілді. Топ мүшелері әр сабақтың жоспарын пән мұғалімімен ақылдаса отырып жасадық. Сабақтан соң оқушылардан сұхбат алынып,кері байланыс жасалды. Сабақтан соң топ мүшелері ақылдасып, талқылып, келесі сабақтың жоспарын жасады. Бұл жұмыс жоспарлы түрде әр сабақ сайын жүргізіліп отырды. Нәтиже де жоқ емес. Алдағы уақытта жұмысты жалғастыру үшін зерттеу сабағын жаратылыстану - математика бағытындағы пәндерге жүргізуді мақсат етіп қойды.
02 ақпан 2023 ж. 581 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 308

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 407

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930