Lesson study

qarmaqshy-tany.kz «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Қызылорда қаласындағы филиалы 2022 жылдың 15 желтоқсанында Ү.К.Томанов атындағы №183 орта мектеп мұғалімдерін курстан кейінгі қолдау шаралары аясында «Мектепте «Сабақты зерттеу» үдерісін тиімді ұйымдастыру» тақырыбында семинар өткізілді.Семинар мақсаты: Мектеп мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету және алдағы уақытта тренерлерімен бірлесе шығармашылықпен жұмыс жасауға шақыру. Мектепте «Lesson study» -сабақты зерттеу үдерісін жүйелі жүргізуге бағыт беру болды. Семинарды ПШО тренері Джансугирова Жайнагуль Дузелхановна жүргізді.Семинар барысында пән мұғалімдері мектепте «Сабақты зерттеу» үдерісін тиімді ұйымдастыру бағыты бойынша тың мәліметтер алды.
«Lesson study» -сабақты зерттеу үдерісі бойынша мұғалімдер топқа бөлініп, үдерістің жүргізілу циклы бойынша матрица жасап шықты. Мектепте кездесетін мәселелерді анықтай отырып,зерттеу сұрақтарын дайындады.Сабақты зерттеудің мақсаты мен нәтижесін айқындап,өзара пікір бөлісіп, тәжірибе алмасты. Бұл семинардың пән мұғалімдеріне, әсіресе, жас мамандар үшін алдағы уақытта зерттеу сабақтарын жүргізу үшін берері мол болды.Шара соңында ПШО тренері Жайнагуль Дузелхановна әріптестерге бірлесе жұмыс жасау барысында құнды пікірлер айтып, өз ойларын еркін айта білген жас педагогтарға ризашылығын білдірді.Осындай шараны ұйымдастыруға себепші болған мектеп директоры Г.Әшіроваға алғыс айтып, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Қызылорда қаласындағы филиалы атынан «Алғыс хат» табыстады.Семинарға қатысушы барлық мұғалімдерге орталықтың сертификаты берілді.
18 желтоқсан 2022 ж. 612 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 370
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 145

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930