» » «ТАЗА АУЛА» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

«ТАЗА АУЛА» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ


Бүгін Қармақшы ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Таза аула» атты кең ауқымды сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.

Тазалық шарасына аудан орталығы мен барлық ауылдық округ тұрғындары, бөлім, мекеме қызметкерлері, жастар мен еріктілер белсенді түрде қатысып, туған өлкенің тазалығына өз үлестерін қосты.

Сенбілік барысында барлық елді мекендердегі аулалар тазартылып, айналасы абаттандырылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Аймағымызда жалпы 147 аула тазартылып, көшелер, саябақтар мен қоғамдық орындар ретке келтірілді.
Сондай-ақ шара барысында ағаш көшеттері отырғызылып, әктеу, сырлау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілді.

Айта кету керек, Қызылорда облысында дәстүрлі түрде «Үлгілі елді мекен» конкурсы ұйымдастырылып, ауылдарды абаттандыру жобаларына қолдау көрсетіліп келеді. Бұл байқауда 2024 жылы ауданымызда Қармақшы ауылы жеңімпаз атанса, өткен жылы Қуаңдария ауылына 15 млн теңге көлеміндегі сертификат табысталған болатын.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

18 сәуір 2026 ж. 208 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 789
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 075

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930