Құрылтай
» » МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫ - ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУДА

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫ - ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУДА


Бүгін «AMANAT» партиясы Байқоңыр филиалының Атқарушы хатшысы Мақсат Есбенбетов, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Сейл Жұмадьяров, комиссия мүшелері мен жауапты қызметкерлер Байқоңыр қаласы, Төретам кенті және Ақай ауылдық округі тұрғындарына көрсетіліп жатқан медициналық қызметтердің сапасына кешенді мониторинг жүргізді.

Мониторингтің негізгі мақсаты – халыққа ұсынылатын медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын бағалау, өзекті мәселелерді анықтап, оларды шешу жолдарын қарастыру.

Зерделеу барысында емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық базасы, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілу деңгейі, дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлерінің біліктілігі, сондай-ақ тұрғындардың медициналық қызметке қанағаттану деңгейі жан-жақты сараланды.

Жүргізілген мониторинг нәтижесінде анықталған мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар әзірленді.

Халық денсаулығы – басты құндылық. Сондықтан медициналық қызметтердің сапасын тұрақты бақылауда ұстау – маңызды міндеттердің бірі.

Алдағы уақытта жүргізілген зерделеу жұмыстарының қорытындысына сәйкес партиялық бақылау комиссиясының отырысын өткізу жоспарлануда.
15 сәуір 2026 ж. 266 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 665
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31