» » Емдеу ұйымының қажетті дәрі-дәрмектерінің қамтамасыз етілуіне партиялық бақылау жасалды

Емдеу ұйымының қажетті дәрі-дәрмектерінің қамтамасыз етілуіне партиялық бақылау жасалды




"AMANAT" партиясының Сайлауалды бағдарламасында Емдеу ұйымдарының қажетті дәрі-дәрмектермен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілуі және олардың жабдықталуына партиялық бақылау жасау көзделген.

Осыған орай, бүгін "AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалының Атқарушы хатшысы Мақсат Есбенбетов, партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Сейл Жұмадьяров және комиссия мүшелері
Ақай ауылдық округінің емханасында болып, тұрғындардың қажетті дәрі-дәрмектермен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілуі мен емдеу ұйымының жабдықталуына мониторинг жасады.

Зерделеу жұмыстары барысында мониторингтік топ халыққа сапалы және қолжетімді медициналық қызмет көрсету партияның сайлауалды бағдарламасының басты мақсаттарының бірі екендігін атап өтті.

Сондай-ақ комиссия мүшелері жұмысты жетілдіру, халыққа қажетті дәрі-дәрмектің тапшылығын болдырмау бағытында өз ұсыныстарын жеткізді.
12 қыркүйек 2025 ж. 286 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930