» » ЕМДЕУ ҰЙЫМЫНЫҢ ҚАЖЕТТІ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІНЕ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖАСАЛДЫ

ЕМДЕУ ҰЙЫМЫНЫҢ ҚАЖЕТТІ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІНЕ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖАСАЛДЫ

"AMANAT" партиясының 2023-2027 ж.ж. арналған Сайлауалды бағдарламасын Қызылорда облысы бойынша іске асыруға бағытталған Жол картасының №91 тармағында Емдеу ұйымдарының қажетті дәрі-дәрмектермен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілуі және олардың жабдықталуына партиялық бақылау жасау көзделген.
Осыған орай, бүгін "AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы мүшелері Байқоңыр қалалық көп бейінді ауруханасында болып, тұрғындардың қажетті дәрі-дәрмектермен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілуі мен емдеу ұйымының жабдықталуына мониторинг жасады.
Партиялық мониторингке "AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалының Атқарушы хатшысы Мақсат Есбенбетов, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Сейл Жұмадьяров, комиссия мүшелері мен жауапты сала мамандары қатысты.
Зерделеу жұмыстары барысында емдеу ұйымында қажетті дәрі – дәрмектердің жеткілікті және талапқа сай сақталып жабдықталуы анықталды. Дәріхана меңгерушісі Бақытбек Нұртаев тұтынушылар eGov mobile мобильді қолданбасындағы e-Densaulyq сервисі арқылы QR-код көрсетіп, дәрі-дәрмекті ала алатындығын атап өтті.
Сондай-ақ мониторингтік топ мүшелері жұмысты жетілдіру, қаражаттың мақсатты жұмсалуы, халыққа қажетті дәрі-дәрмектің тапшылығын болдырмау бағытында өз ұсыныстарын айтты.
11 маусым 2025 ж. 363 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930