» » МАМАНДЫҒЫН ЖАҢЫЛМАЙ ТАҢДАҒАН

МАМАНДЫҒЫН ЖАҢЫЛМАЙ ТАҢДАҒАН

Мемлекетіміз үшін барлық сала маңызды, дегенмен, денсаулық саласының орны бөлек. Себебі бұл сала тұрғындар денсаулығымен тікелей жұмыс жасайды. Осы салаға саналы өмірін арнап, ыстығы мен суығына төзіп келе жатқан білікті мамандарымыз аз емес. Олардың қатарында аудандық емхананың жалпы практика бөлімінің аға медбикесі, жоғары санатты маман, Қазақстан Республикасы «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісінің иегері Света Есқалиева да бар.
Ол 1968 жылы қазіргі Төребай би ауылында дүние есігін ашқан. Осындағы талай түлекті ұясынан ұшырған білім ордасы – №199 орта мектепте білім алып, әрі қарай Қызылорда қаласындағы медициналық училищесіне оқуға түсіп, оны жақсыға бітіріп шығады. Сонымен қатар білімін жетілдіру мақсатында 2024 жылы тағы бір оқу орнынан – «Арыстан баб» жоғары колледжінен «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша білім алады.
Шипалы алақан иесінің еңбек жолы 1989 жылы аудандық емханада аймақтық медбике қызметін атқарумен басталады. Мамандығына деген жауапкершілігі, халықпен жұмыс істеу дағдысы басшылық ойынан шығып, 1998 жылы жауапты қызметке – яғни, Жосалы ауылдық округі фельдшерлік амбулаториялық пунктінің меңгерушілігіне тағайындалады. Ал 2003 жылдан бастап аудандық емхананың нарколог кабинетінің фельдшері болса, бүгінде емхананың жалпы практика бөлімінің аға медбикесі болып үздіксіз еңбек етуде.
Қазағымызда «Дарақ бір жерден көктейді» деген қанатты сөз бар. Бір салада 37 жыл табанды еңбек ету өз ісіне берілген жанның ғана қолынан келетін ерлік. Света Әлмағамбетқызы «мамандығымды жаңылмай таңдағанмын» дейді күлімдей сөйлеп.
– Орталық бойынша 11 аймақ бар. Қазіргі кезде қызметіме сай, осы аймақтағы медбикелердің жұмысын қадағалаймын. Кенттің арғы бетіндегі «Шипагер» емханасы да маған қарайды. Атқаратын жұмысымызға келер болсам, тұрғындарды скринингтік тексерулерге, флюроға түсуге шақырамыз, оның негізінде ерте сатыдағы ауруларды анықтаймыз, 0-5 жас аралығындағы балалармен, жүкті аналармен жұмыстар жүргізіледі. Осы және басқа да өзімізге жүктелген жоспар бойынша қызметтер атқарамыз. Бастысы – жұмысымыздың нәтижесіне мән береміз, – дейді аға медбике.

Света Есқалиева ұжымында қызметіне адал білікті маман болса, отбасында құрметті ана, жарының өмірдегі адал серігі. Отағасы Марат Наурызбаев су торабында оператор болып жұмыс істейді. Балалары бір-бір мамандық иесі атанған. Әсет №183 мектепте есепші, қызы Сая Қызылорда қаласында балабақшада психолог. Әнет Жастар ресурстық орталығында кеңесші. Ерлізайыптылар 3 немеренің бақытты атасы мен әжесі.
– Әйел-ана үшін отбасы – бақыт мекені. Көз қуанышың – балаларыңның тәрбиелі, көрегенді болып өскенінен артық ештеңе жоқ. Шаңырақта балаларымның әжесімен бірге тұрамыз. Қолымда 2 келінім бар. Биханым №121 мектепте ағылшын тілінің мұғалімі, ал Көркем аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінде әдіскер. Барлығымыз тату-тәтті ғұмыр кешіп жатырмыз. Еңбекте де, отбасында да бәріне үлгеруге тырысамыз, – дейді ол.

Ақ халатты абзал жанның денсаулық сақтау саласындағы еңбегі ескеріліп, облыс, аудан көлеміндегі әкімдік, салалық марапаттармен мадақталған. 2023 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісін кеудесіне таққан.
Сәрсенкүл АҚКІСІ
11 сәуір 2026 ж. 38 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 837
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 521

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930