» » МЕЙІРІМ ИЕСІ

МЕЙІРІМ ИЕСІ

Бас ауырып, балтыр сыздағанда кім болсын алдымен медицина саласына жүгінеді. Ақ халаттылардың емін алып, жанына шипа табады. Бүгінгі күннің батырлары деген атқа лайық та осы саланың майталмандары. Бұл мамандыққа ең бірінші жүрек керек. Себебі адам жанының арашашысы болу екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс. Олардың арасынан медицина саласына саналы өмірін арнаған жоғары санатты маман, №8 аймақтың аймақтық медбикесі Майра Мұнарбаеваның есімін ерекше атаған болар едік.
М.Жұмағалиқызы Ақтөбе ауылында 1965 жылы дүниеге келген.1972 жылы ауылдағы №109 орта мектепті бітіріп, Қызылорда қаласындағы қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова атындағы медициналық училищенің «Жалпы медбике» мамандығы бойынша оқуға түсіп, оны ойдағыдай аяқтайды. Мамандық алған жас сол жылы, яғни 1984 жылы Қармақшы аудандық емханасына №8 аймаққа аймақтық медбике болып қызметке қабылданады. Содан беріде өткен 42 жыл уақытта үзіліссіз медбикелік қызметін адал атқарып келеді.
– Бала кезімнен тазалықты, адалдықты жаныма қадір тұттым. Ата-анамның ықпалы болды. Біздің отбасында бауырларым мұғалімдік мамандықты таңдаған. Бірде әкем менен: «бізде педагогтер бар, сен медицинаны таңдасаң қалай болады?» деп сұрады. Өзім де дәрігерлерге қатты қызығатынмын. Денсаулыққа шипа болу, адамдарға көмектесу, жылы сөзіңді арнау – бала шағымнан бойымда бар қасиет. Осы дүниелер мені медицина саласына әкелді десем, артық емес.
40 жылдан астам уақыт бір жерде жұмыс істеп келемін. Аймағымды бес саусағымдай жақсы білемін. Алдыңғы буын аналарымыздан үйренгеніміз көп болса, ізімізді басып келе жатқан жастарға да білгенімізді, мамандығымыздың қыр-сырын үйретуден жалыққан емеспін. Қоғамдық жұмыстардан да қалыс қалмаймыз. Бәрі де еліміздің, туған өңіріміздің өсіп-өркендеуі, гүлденуі үшін, – дейді білікті маман.
Бақ «Бірлігі бар жерге тұрақтаймын» дейді екен. Майра Жұмағалиқызы еңбектен бақ тапса, отбасында адал жар, балаларының ардақты анасы, немерелерінің асыл әжесі. Отағасы «Атырауинженерстрой» компаниясынан зейнетке шығып, қазіргі таңда Қапшағайда қызметін жалғастыруда. Отбасындағы балалардың үлкені Азамат – Назарбаев университетінің «Әлем тілдері, әдебиеті мен лингвистика» және француз тілі мен франкофония қосымша мамандығы бойынша бітіріп, Астана қаласындағы Әлеуметтік ғылымдар мектебінде шәкірттеріне ағылшын тілінен сабақ береді. Қыздары Аида – «Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетін «Шетел тілдері» мамандығы бойынша бітірген. Отбасылы, екі бала тәрбиелеп отырған жас ана.
М.Мұнарбаева медицина саласындағы ұзақ жылғы еңбегінде бірқатар салалық, әкімдік тарапынан марапаттарға ие болған. Бірақ ол басты жетістігіміз – халықтың алғысы мен батасы дейді.
– Мамандығым – өзіме ұнайды. Негізгі мақсатымыз – халықпен етене болу. Аймағымдағы отбасы мүшелерінің денсаулығын тілеп, көше аралап, медициналық көмектер көрсетеміз. Жұқпалы, басқа да аурулардың алдын алу үшін профилактикалық шаралар, түсіндірмелер жүргіземіз. Босану жасындағы әйелдерді емдеуге шақырамыз. Жас деңгейіне сай, тұрғындардың скринингтен өтуін қамтамасыз етеміз. Алдағы уақытта да осы және өзімізге жүктелген басқа да қызметтерімізді абыроймен атқарып, жалғастыра береміз, – дейді мейірім иесі.
Сәрсенкүл АҚКІСІ


07 сәуір 2026 ж. 77 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 805
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 505

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930