» » Міндетіне адал медбике

Міндетіне адал медбике

Мейірбикенің жұмысына ең қажет нәрсе – өз ісіне деген адалдық пен науқастарға жауапкершілікпен қарау. Жалпы, мейірбике науқасқа ең жақын әрі қамқоршы адам. Сол себепті мейірбикенің өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдына келген науқасқа жанашырлық танытуы бәрінен маңызды.
Біз көбіне медбикелерді емхана мен ауру- ханада жиі кездестіреміз. Әйтсе де мектеп пен балабақшаларда еңбек ететін осы саланың мамандары елене бермейді. 12 мамыр – Медбикелер күні қарсаңында осы жолда аянбай еңбек етіп келе жатқан жанның бірі – Алдашбай ахун ауылындағы No111 орта мектептің медбикесі Ботакөз Ұзақбаевамен тілдестік.
Ол 1968 жылы Жаңақала ауылында дүниеге келген. Бала күнінен ақ халатты абзал жан болуды армандап, мектепті бітірген соң 1989 жылы Қызылорда медициналық училищесіне фельдшер мамандығына оқуға түседі. Алғашқы еңбек жолын Майлыөзек ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пунктте бастайды. Кейіннен ауыл орталығындағы мектепке жұмысқа орналасады. 20 жылға уақыт осы мектептің медбикесі болып абыройлы еңбек етіп келеді. Бала күнінен жаны жабырқағанға қол созып, қамқор болуды санасына тоқып өскен Ботакөз мамандық таңдағанда жаңылыспағанын айтады.
– Қызығы мен қиындығы мол бұл мамандық өзіме ұнайды, талай жақсы адамдармен әріптес атанып, жұмыс істедім. Бұл салада ең бастысы, өз ісіңді жақсы көріп қана қоймай, төзімді болу маңызды. Еңбек жолымда әртүрлі қызықтар да, қиындықтар да кездесті. Дей тұра мамандығыма деген адалдық ең бірінші кезекте тұрады. Дертіне дауа іздеген жандар өз алғысын айтқанда бар шаршағаныңды бірден ұмытып кетесің. Ауруынан айығып, жақсарғанын көргенімде жұмысыма деген құлшынысым одан әрі арта түседі. Әлемдегі ең мейірімді мамандық иесі атанғанымды мақтан тұтамын. Қызметте қандай да бір жетістікке жетсем, ол осы қарапайым еңбегімнің жемісі деп білемін, – дейді медбике.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген сөз бар. Бүгінде ақ халатты абзал жан мектеп оқушыларының саулығы үшін аянбай қызмет етуде. Қызметінде жемісті еңбек етіп, адамгершілігі мол маман болып қалыптасқан Ботакөз Медетбайқызы өмірлік серігі Әбілмажінмен бірге жарасымды отбасында бір қыз тәрбиелеп, одан немере қызығын көріп отыр.
«Медицина кәсібі – адамгершіліктің асылы» деп бекер айтылмаса керек. Біз де жүрегі жомарт, көңілі дария, науқастарға сөзімен де, ісімен де шипа бола білген мейірбан жүректі медбике Б.Медетбайқызының алдағы уақытта да абыройы асқақтап, мерейі үстем болуына тілектеспіз.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
11 мамыр 2024 ж. 701 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 036

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031