» » БЕРЕКЕ МЕН БІРЛІК МЕРЕКЕСІ

БЕРЕКЕ МЕН БІРЛІК МЕРЕКЕСІ

Наурыз мейрамы – халқымыздың ежелден жаңару мен жасампаздықтың бастауы саналатын ұлық мерекесі. Биыл да бұл игі дәстүр өз жалғасын тауып, Иманәлі, Жаназаров, Қазантаев, Әбдікешов, Томанов көшелерінің 1982-2002 жылдары туған тұрғындарының ұйымдастыруымен кең көлемде аталып өтті. Мерекелік шараға арнайы киіз үй тігіліп, ұлттық нақыштағы безендірулермен көмкерілген алаңда алтыбақан орнатылды. Көктемнің шуақты күнінде жиналған жұртшылық ән мен жырға бөленіп, көтеріңкі көңіл күйде думанды кештің куәсі болды. Ұлттық киім киген тұрғындар салт-дәстүрді дәріптеп, Наурыздың сәнін кіргізді.
Мерекенің шырайын кіргізген игі шаралардың бірі – ел ағаларының ақ батасы болды. Аймақтың үлкендері жиналған қауымға ізгі тілектерін арнап, ақжарма баталарын берді. Ақ дастарқан жайылып, ұлттық тағамдар ұсынылып, келген қонақтар дәмнен ауыз тиді. Жиын барысында кент әкімі Алмасхан Досмұратов сөз сөйлеп, тұрғындарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, береке мен бірлік тіледі. Сонымен қатар, қазақтың көнеден келе жатқан дәстүріне сай, бүлдіршіннің тұсауын кесу рәсімін өткізіп, жас ұрпаққа ақ жол тіледі.
Кент ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерболат Ұзақбаев та сөз алып, ұйымшылдық танытып, ұлттық құндылықтарды дәріптеген тұрғындарға ризашылығын білдірді. Ол өз сөзінде мұндай игі бастамалардың жастарға үлгі екенін атап өтті.
«Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» қағидасын берік ұстанған тұрғындар ақсақалдарға шапан жауып, ерекше құрмет көрсетті. Бұл – ұлттық тәрбиенің айқын көрінісі ретінде көпшіліктің көңілінен шықты. Сонымен қатар, әжелер мен аудан өнерпаздары ән шырқап, көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады.
Мереке аясында ұлттық спорт ойындары да ұйымдастырылып, қатысушылар өз бақтарын сынады. Қазақша күрес, гір тасын көтеру, арқан тартыс, қой көтеру бойынша жеңімпаздарға демеушілер тарапынан қаржылай сыйлықтар табысталып, олардың еңбегі лайықты бағаланды.
Жалпы, Наурыз мейрамы бұл аймақта тек мереке ғана емес, елдің ауызбірлігін арттырып, ұлттық құндылықтарды жаңғыртқан тағылымды шара ретінде жоғары деңгейде өтті. Осындай игі істер алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенім мол.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
28 наурыз 2026 ж. 123 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

№20 (10487)

17 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 723
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 461

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031