» » КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ АУДАН ДАМУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ АУДАН ДАМУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ


Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтіп, күн тәртібіне сәйкес бірқатар маңызды есептер тыңдалды.

Жиында алдымен аудан әкімі Жандос Еркінбек сөз алып, 2025 жылы ауданда атқарылған жұмыстар мен әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне толық тоқталды. Аудан басшысы жыл ішінде жүзеге асқан жобаларды талқылап, алдағы кезеңге қойылған негізгі міндеттерді де атап өтті.

Сондай-ақ аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов баяндама жасап, мәслихаттың 2025 жылы атқарған жұмыстары, қабылданған шешімдер мен жүзеге асқан бастамалар жөнінде мәлімет берді.

Күн тәртібіне сәйкес қоғамдық кеңес төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов есептік кезеңдегі кеңес қызметінің қорытындыларын айтып, көтерілген мәселелер мен олардың шешілу барысына тоқталды.

Сонымен қатар жиында «Ұлттық сараптама орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қызылорда облысы бойынша филиалы Қармақшы аудандық бөлімшесінің зертхана меңгерушісінің міндетін атқарушы Салтанат Тиыштыбай баяндама жасаса, аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Марат Бекенов «2026–2030 жылдарға арналған Қармақшы ауданының даму бағдарламасына» енгізілетін өзгерістер жөніндегі жобаға тоқталды.

Мәжіліс барысында қоғамдық кеңес мүшелері ұсыныс-пікірлерін білдіріп, күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланды. Отырыс қорытындысымен ұсынылған есептер назарға алынып, тиісті шешімдер қабылданды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

27 наурыз 2026 ж. 168 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 263
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 421

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30