» » ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫ ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ ЕСЕП БЕРДІ

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫ ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ ЕСЕП БЕРДІ

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Жиында күн тәртібіне сәйкес аудан әкімі Жандос Еркінбек ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама жасады.

Аудан басшысы 2024 жылы аудан көлемінде атқарылған ауқымды жұмыстарға тоқталып, алдағы негізгі міндеттерді саралады.
– 2024 жылдың қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында тұрақты оң тенденция сақталды. Оның бір дәлелі ретінде аудан бюджетінің ұлғаюын атап айтуға болады. Облыс әкімінің ерекше қолдауының арқасында 2024 жылдың қорытындысымен аудан бюджеті 18 млрд. 533 млн. теңгені құрап, 2023 жылғы бекітілген бюджетпен салыстырғанда 6 млрд. 541 млн. теңгеге немесе 54,5 пайызға артып отыр, – деді аудан әкімі.

Одан кейін аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов өз хабарламасында жыл көлемінде атқарылған жұмыстарын жан-жақты баяндады.

Сондай-ақ, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов есепті кезеңдегі кеңес қызметіне шолу жасап, көтерілген және шешімін тапқан мәселелер бойынша хабарлама жасады.

Жиын соңында қоғамдық кеңес мүшелері аудан әкімінің және аудандық мәслихат хатшысының есептерін тыңдап, олардың жұмысына оң баға берді.

20 ақпан 2025 ж. 280 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 416
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 218

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930