» » Қармақшы ауданы әкімі қоғамдық кеңес алдында есеп берді

Қармақшы ауданы әкімі қоғамдық кеңес алдында есеп берді

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында қоғамдық кеңес отырысы өтті. Күн тәртібіне қойылған мәселелер бойынша алдымен аудан әкімі Жандос Еркінбек есептік баяндамасында ауданымызда өткен жылы атқарылған ауқымды жұмыстарды айта келе, алда тұрған міндеттерді де саралап өтті.

Содан соң аудандық мәслихат хатшысы Әділ Қошалақов өз хабарламасында жыл көлемінде жасаған жұмыстарына жан-жақты тоқталып өтті. Аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов есепті кезеңде атқарылған жұмыстардың есебін беріп, қоғамдық кеңесте қозғалған және шешімін тапқан мәселелер жөнінде хабарлама жасады.

«Мемлекетіміздің басты бағыттарымыздың бірі – қоғамдық кеңестің ауқымын кеңейтіп, қоғамдағы рөлін нығайту. Өйткені қоғамның қозғаушы күші саналатын кеңес мүшелері халықтың талап-тілегін құзырлы органға жеткізіп, түйткілді мәселенің түйінін тарқатуға септігін тигізеді. Елімізде Азаматтық қоғамды дамытып, олардың әлеуетін пайдалану маңызды болып отыр», – деді Әбдірахман Құлдүйсенов.

Жиын соңында қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан аудан әкімінің және аудандық мәслихат хатшысының есептері негізінде өткен жылғы қызметтеріне оң баға берілді.

Ⓒ Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

23 ақпан 2024 ж. 371 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930