» » Қармақшы ауданы әкімі қоғамдық кеңес алдында есеп берді

Қармақшы ауданы әкімі қоғамдық кеңес алдында есеп берді

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Қоғамдық кеңес отырысы өтті. Кеңес отырысына аудан әкімі Жандос Еркінбек және қоғамдық кеңес мүшелері, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары, үкіметтік емес ұйым жетекшілері, бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Нұржан Қалдыбекұлы мен облыстық жер ресурстарын басқару департаментінің бөлім басшысы Мұханбетжан Әнуарұлы қатысты.
Күн тәртібіне қойылған мәселелер бойынша алдымен аудан басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер жайлы хабарлама жасады.
Одан соң, аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Ә.Құлдүйсенов кеңестің 2022 жылы атқарған жұмыстары туралы баяндамасы тыңдалды.
Сонымен қатар, кеңес отырысында жер заңнамасының сақталуы, жер учаскесінің орналасу жобасы және тізіміне келісім беру, мемлекеттік қызмет көрсетудің жайы, өрт қауіпсіздігін сақтау және табиғи газды қолдану кезінде сақтық шараларын ұстану, аудандық мәслихатының шешім жобасына келісім беру туралы жауапты мекеме басшылары хабарлама жасады.
Жиын соңында қоғамдық кеңес мүшелері ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қарар қабылданды.
11 наурыз 2023 ж. 364 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 405
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728