Топ-баннер
» » ҚАРМАҚШЫДА ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

ҚАРМАҚШЫДА ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ


Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің қатысуымен жыл қорытындысына арналған салтанатты іс-шара өтіп, жыл үздіктері марапатталды.

Аудан әкімі жиналған жұртшылықты Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, 2024 жылдың маңызды жетістіктер мен игі істерге толы болғанын атап өтті.

– 2024 жылы аудан халқының әл-ауқатын арттыру және аудан экономикасын нығайту мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылды. Макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша ауданымыз облыс өңірлері арасында алдыңғы қатардан көрінді. Аудан бюджеті 18 млрд. 593 млн. теңгені құрап, 2023 жылғы бекітілген бюджетпен салыстырғанда 6 млрд. 601 млн. теңгеге немесе 55,0 пайызға артып отыр. Бұл – Мемлекет басшысының, Үкіметтің және облыс әкімінің ерекше қолдауымен жүзеге асырылған жұмыстардың нәтижесі, – деді аудан әкімі.

Сондай-ақ, аудан басшысы жаңадан бой көтерген заманауи ғимараттарды, ашылған әлеуметтік нысандарды, пайдалануға берілген тұрғын үйлерді, жүзеге асырылған ауқымды жобаларды және алдағы уақытқа қойылған нақты міндеттерді атап өтті.

Мерекелік іс-шара барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан сала мамандары облыс және аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар, жыл бойы ерекше жетістіктерімен танылған жыл үздіктері арнайы марапатқа ие болды.

Іс-шара аудан өнерпаздарының мерекелік концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

27 желтоқсан 2024 ж. 529 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№13 (10480)

17 ақпан 2026 ж.

№12 (10479)

14 ақпан 2026 ж.

№11 (10479)

10 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 455
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 288

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728